Мемлекеттік сатып алу кезінде сөз байласқандар автоматты түрде анықталады

Кейінгі екі жылда елде бағаны белгілеу кезінде астыртын сөз байласқан 50 жағдай анықталды.

Оларға 1 миллиард 700 миллион теңге айыппұл салынған. Енді осындай алаяқтықтың алдын алу үшін өрнек жүйесі іске қосылмақ. Ол өтінішті қай жерден, кім, қашан жібергенін, олардың электронды адресі, қызмет немесе тауар үшін ұсынған бағалар туралы ақпаратты саралап, ұқсастықтарын анықтайды. Осылайша түбі бір, бірақ тендерді жеңу үшін екі жақтан келіп тұрған компанияларды анықтап, олардың ойын іске асырмайды. Агенттік төрағасы Серік Жұманғариннің айтуынша, басты мақсат қаржыны үнемдеу емес, нарықта әділ бәсекелестік туғызу.

Серік Жұманғарин, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:

- Жалпы сомасы 7,2 миллирд теңге болатын сатып алу конкурсына екі компания қатысқан. Сауда кезінде біреуі бағаны екіншісіне қарағанда 0,004% төмен ұсынып жеңіске жетеді. Тексеру кезінде екі компанияның мекен-жайы бір жерде тіркелгені, өтініші бір компьютерден араға 14 минут салып жөнелткені, хаттың мәтіні мен орындаушысына дейін бір адамның тегі жазылғаны анықталды. Олар бағаны өте аз түсіріп, саудаланған қызметті максималды құнына жеңіп алып отырған.