423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Биыл спорт саласына қанша қаржы жұмсалды

  • 493
  • UPD: 18:06, 31.08.2021

Биыл елде бұқаралық спортты дамытуға 426,5 млн теңге жұмсалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бөлінген қаржының 0,4 проценті. Әсіресе, Түркістан облысы салауатты өмір салтын насихаттауға екпін беріп келеді.

Елдің абыройын асырып, мерейін өсіретін саланың бірі – спорт. Алайда кеше ғана Токиодада өткен жазғы Олимпиада ойындарында төбеміз көкке жетіп, қуанған сәттер аз болды. Біреулер оның себебі елде жағдай жасалмаған десе, енді бірі спортшыларды сынап бақты. Жалпы, біздің қоғамда салауатты өмір салты қаншалықты насихатталып келеді? Финпром сайтының дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері елде спорт саласын дамытуға мемлекеттік бюджеттен 219,6 млрд теңге бөлінген. Өткен жылы ол 225, 4 млрд теңге төңірегінде еді. Яғни, бір жыл ішінде қаржы 2,6 процентке қысқарған. Ақшаның аз бөлінуі кейінгі жеті жылда алғаш тіркеліп отыр.

Әсіресе, Түркістан облысында жұмыс қарқынды. Мұнда аталған секторға жергілікті бюджеттен 17.4 млрд теңгеге қаржы шығындалған, бұл жылдағыдан 28,5 процентке көп. Үздік үштіктің қатарында Қарағанды облысы мен Алматы қаласы да бар. Ал спорт және мәдениет министрлігінің мәлімдеуінше, былтыр республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 108,8 млрд теңге шамасында болған. Оның 30,3 млрд теңгесі жоғары спортты дамытуға, 9,6 млрд теңге дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуге, ал бұқаралық спортты қалыптастыруға 426,5 млн теңге арналған.

Коммуналдық қызмет арзан ел

Қазақстанда коммуналдық қызмет бағасы қандай? Нумбео сарапшыларының болжауынша, біздің ел ТМД аумағында суы мен жарығы, жылуы арзан елдердің қатарына кіреді. Мамандардың есебінше, қазақстандықтар ай сайын жалақысының 12 процентін коммуналды қызмет ақысын төлеуге жұмсайды. Ресейде бұл 17 процентті көрсетсе, Украинада 23 процент шамасында. Ал коммуналды қызмет құны су тегін елдердің көшінде Өзбекстан тұр. Молдовада керісінше, қымбатшылық. Десе де әр мемлекеттегі тариф мөлшеріне қарап, сырттай тон пішуге болмайды дейді сарапшылар. Мәселен, Германияда коммуналды қызмет құны әлем бойынша ең жоғары болғанмен, ол тұрғындардың қалтасына салмақ салмайды. Нигерияда қызмет құны айтарлықтай төмен, бірақ азаматтар тапқан табысының 12,2 процентін соған жұмсайды. 

Әлемде чип қымбаттайды

Әлемде электронды құрылғылар қымбаттауы мүмкін. Себебі өндіріске қажет чиптердің бағасы өседі. Бұл туралы Томас Хардвей басылымы жазды. Заманауи технологияның маңызды бөлшегі саналатын осы микрожүйелердің денін TSMC компаниясы өндіреді. Оның әлемдік нарықтағы үлесі – 56 процент. Басылымының хабарлауынша, компания желтоқсан айынан бастап чип құнын 10-20 процентке көтеруге ниетті. Бұл өз кезегінде түрлі компьютер, гаджет, видеокарталардың қымбаттауына әкеледі дейді сарапшылар. TSMC чиптері көбіне Apple, Куолком және AMD тауарларында қолданылады. Бағаның өсуіне сұраныстың артуы әсер етіп отыр. Биыл тапшылық байқалған. Соның кесірінен смартфон өндірісі мен көлік құрастыру салалары зардап шекті. Ал TSMC компаниясының басты бәсекелесі Samsung-тың тарифке қатысты қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз. 

Ел ішінде ақша аударымдары артты

Енді қаржы нарығынан бірер ақпар. Елде ақша аударымдары артты. Жыл басынан бері азаматтар 32,1 млрд теңге қаржы жіберген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42,3 процентке көп. Аударым көлемінің артуы кейінгі екі жылда қатты байқалады дейді мамандар. Бір чектегі орташа сома шамамен 95 мың болады.

Хабар 24 телеарнасы