Қымбат кредит берумен айналысатын МҚҰ-лар банктің қызметін атқармақ

Еліміздегі микроқаржылық нарық екі жылда елеулі жетістікке қол жеткізді.

Ұйым басшыларының бірі Далида Давлятшинаның айтуынша, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуден бөлек қарапайым халыққа авто және тауарлық несие беруді қолға алу көзделуде. Бұл бағытта дайындық пысықталып жатыр. Демек, микроқаржылық ұйымдар екінші деңгейлі банктер көрсететін қызметті ұсынуға дайын. Бүгінде несиелеу үлесі артқан. Халықаралық инвесторлар мен серіктестер елдегі микроқаржылық ұйымдармен етене байланыс орнатқан. Сала заңмен реттеледі. Оған сай есепшот ашу, ақша аудару, валюта ауыстыру және несиелік карта ұсыну қызметі көрсетілмейді. Десе де, ауылдық жердегі шағын және орта бизнесті дамыту ұжымның негізгі бағыты болып қала береді. Мемлекет басшысы да өзінің биылғы Жолдауында микроқаржылық ұйымдарға сенім артатынын аңғартты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Микроқаржы ұйымдарының әлеуетін іске қосу керек. Олар жергілікті жерде жұмыс істейді. Өзінің тұтынушыларын, олардың бизнесі мен мүмкіндіктерін жақсы біледі. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәселе бойынша шешімдер топтамасын әзірлеуі қажет.