Бизнесті сақтап қалудың үш жолы

Коронавирус пандемиясы ерлер емес, әйелдер басқаратын компанияларға көбірек әсер етті. Соңғысының саудасы төмендеп, кейбірі уақытша жабылуға мәжбүр болған.

Бұл туралы XXI Орталық Азия сауда форумының сарапшылары мәлімдеді.

Мамандар Орталық Азиядағы бизнес пандемия кезінде қалай жұмыс істегенін зерттеген. Осылайша пандемияның бірінші толқынында ірі компаниялардың 9%, ал шағын және орта кәсіпкерлердің 20%-і жабылғанын анықтаған. Бірақ арасында кәсібін өрге сүйреген компаниялар да болыпты. Әсіресе орталық Азия елдерінің компаниялары өзгелермен салыстырғанда пандемияға тез бейімделген. Олар онлайн саудаға жылдам ауысып, бизнесінің бағытын бұруға дайын болды. Осы ретте сарапшылар бәсекеге қабілетті болу өте маңызды екенін атап өтті. Әлемдік пандемиядан аман қалу үшін компания негізгі үш бағытты меңгерсе болғаны. Өйткені қаржылық есеп жүргізетін, мықты бизнес серіктестері бар және жаңа өнімдерге бар күшін бағыттай алатын компаниялар пандемияға төтеп берген. Ал бұл экономикаға да әсер етеді деді форум сарапшыары.  Кеше басталған жиын жұмаға дейін созылады. Оған 30 мемлекеттің  мыңнан астам өкілі онлайн форматта қатысады.

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады. Бұл туралы еліміздің энергетика министрілігі хабарлады. ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысына Қазақстанның Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты.  Ведомство басшысы Қазақстанның келісімге беріктігін және өз міндеттемелерін орындауға дайындығын растады. Сондай-ақ біздің министр еліміз алдағы айларда өндірісті одан әрі біртіндеп арттыратынын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдері мұнай өндіру деңгейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылданды. Осылайша, ОПЕК+ шеңберінде қазан айында Қазақстан үшін квота тәулігіне 1,5 млн баррельді құрайды және ай сайын өндіріс көлемі орта есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артып отырады.

Криптовалюта нарығына не қауіп төндіреді?

Майнингте қолданылатын қуат көзін реттеу Қазақстандағы криптовалюта нарығына кері әсер етуі мүмкін. Майнинг 5-10 есеге дейін қықаруы ғажап емес. Еліміздің блокчейн қауымдастығының өкілдері осылай дейді. Еске салайық, кеше энергетика министрлігі майнинг орталықтарын электр энергиясымен қамтуды реттеуді ұсынған. Ведомство басшысының айтуынша, жүйелік оператор қуат көзін реттей алуы тиіс. Яғни, электр энергиясының тапшылығы туындайтын болса, оператор майнингтік орталықтардың тұтыну көлемін шектеуге немесе азайтуға құқылы болу керек. Ал майнерлер тарапынан сұраныс болса, оны жаңғыртылатын энергия көздері есебінен жабуға болады"- деді министр.  Оның айтуынша, Қазақстанда бір жылдың ішінде электр энергиясын тұтыну мен өндіру 7%-ке өсті.

Арман Конушпаев, «BLOCKCHAINKZ» блокчейн технологиясын әзірлеушілер мен пайдаланушылар қауымдастығының вице-президенті:

- Бұл майнинг нарығына кері әсер етеді. Өйткені электр энергиясы қолжетімді әрі арзан болғандықтан, көптеген қытайлық майнерлер Қазақстанға көшкісі келген. Оның үстіне елдегі жылдық орташа температура майнинг орталықтарын, Data орталықтарды ашуға қолайлы болып есептеледі. Ал жаңғыртылатын энергия көздеріне көп шығын кетеді. Сондықтан бұл Қазақстандағы майнингке қаржы құйғысы келген инвесторлардың бетін қайтарады. Әрине, қазір тек талқылау жүріп жатыр, бірақ  ұсыныс қабылданса, еліміздің криптовалта нарығына құлдырайды.