Елімізден астық шетелге шикізат күйі сатылып, диірмендер жабылуда

Астық нарығында диірменшілер мен егіншілер арпалысып жатыр. Алғашқылары бидай шетелге шикізат күйінде сатылып, өзімізде ұн өндірісі азайып кетті.

Диірмендер жұмыссыз қалып жабылып жатыр. Оның үстіне шетелдіктерден сұраныс жоғары болған соң бидайдың бағасы көтеріліп қолжетімсіз боп барады. Бұл ұнның, кейін нанның қымбаттауына әкеледі деп санайды. Сондықтан бидай экспортына БАЖ салығын енгізуді ұсынып отыр.

Дос-Мұқасан Тәукебаев, диірменшілер қауымдастығының мүшесі:

- Мал азығының қатты қымбаттауы6 оның ішінде біздің диірмендер шығаратын бидайдың жармасы, кебектер бар. Олар да қатты қымбаттап кетті бүгінгі таңда. Оның себебі диірмендердің бәрі бір күн жұмыс істеп, 10 күн тұрады. Аз шыққаннан кейін оның бағасы өте қымбат болып тұр. Егер біздің үкімет шұғыл түрде БАЖ салығын енгізетін болса шетелге кетіп жатқан экспорт бидайға онда диірмендердің бәрі тоқтамай жұмыс істейді күндіз-түні. Жем де, ұн да көп шығады. Әрине бағасы арзандайды. Егер бидайдың бағасы арзандағаннан кейін жемнің бағасы арзандайды. Жемнің бағасы арзандаса ет, жұмыртқа бәрі арзандайды.