Нұр-Сұлтанда жалдау құны арзан үйлерге өтініш қабылдау басталды

Бүгін Нұр-Сұлтанда жалдау құны арзан пәтерлерге өтініш қабылдау басталды. Ай сайынғы жалдау құны 5 мың мен 15 мың теңге аралығы.

Елімізде сүт өнімдерін таңбалау міндетті болмайды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұл ұсынысы Үкімет тарапынан қолдау тапты. Аталған жүйе Еуразиялық экономикалық одақ аясында қабылданған болатын. Мамандар тез бұзылатын сүт өнімдерін таңбалау тиімсіз деп есептейді. Себебі кей жағдайларда ол қосымша зертханалық зерттеулерді қажет етеді. Оның үстіне біздегі өнімнің 85 проценті ішкі нарықта сатылады.

Айта кетейік, сүтті таңбалаудың пилоттық жобасы Қазақстанда өткен жылдың қазанында іске қосылды. Нәтижесінде оны өндіріске нұқсан келтірмейтіндей етіп енгізу жолдары әзірге табылмаған. Сондай-ақ елімізде шығарылатын кей сүт өнімдерінің қаптамаларына арнайы белгі салатын құрылғы табу да оңай болмай шықты.

Биыл баспананы жалға алу 13 процентке қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, пәтер құны әсіресе өткен айларда шарықтаған. Жалдамалы баспана Алматы, Шымкент, Ақтөбеде 29 процентке дейін көтерілген. Сондай-ақ тұрғын үйге жөндеу жүргізіп, қызмет көрсету шамамен 8 процентке өсті. Коммуналдық қызмет, оның ішінде су, электр энергиясы мен газ тарифі былтырмен салыстырғанда 5,7 процентке қымбаттады.

SAUDI ARAMCO әлемдегі ең бай компания атанды 

«Сауди Арамко» әлемдегі ең бай компания атанды. Ол тіпті «Эплды» басып озды. Мұнай тасымалдау саласының көшбасшысы кейінгі айларда табысын 2 жарым есеге көбейткен. Оған әлемде мұнайдың қымбаттауы себеп. Қазір компанияның таза кірісі 30 млрд 400 млн долларға жетіп отыр. Жуырда компания  өз салымшыларына дививдент төлейтінін хабарлады. Бұл мақсатқа шамамен 19 млрд доллар жұмсауға ниетті.

Айта кетейік, биыл қара алтын құны ортшама есеппен 65 процентке көтерілді. Мамандар мұнайдың Брент сорты 100 долларға дейін қымбаттауы мүмкін деп болжайды.