Қазақстандықтар тамаққа ақша үнемдейді

Қазақстандықтар тамаққа ақша үнемдей бастаған. Жалпы халықтың материалдық жағдайы төмендегені байқалады.

Ұлттық банк осылай деп хабарлады. Олар инфляциялық күтім бойынша сауалнама жүргізген. Сауалнамадан өткендердің басым бөлігі қымбатшылық сақталады деген ой айтыпты. Олар ендігі жылы баға 33%-ке дейін өседі деп болжаған. Сонымен қатар «қазанда несие алғандардың үлесі шілдемен салыстырғанда 3%-ке өсті. Ал ақша жинайтын халықтың үлесі керісінше 3%-ке азайды, деп хабарлады Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский.

Қазақстанда жас инвесторлар көбейді

2019 жылдан бастап 18-24 жас аралығындағы брокерлік шоты бар жеке тұлғалардың саны 8 есе, ал 25-34 жас аралығындағы инвесторлардың саны екі есе өсті.

Орталық депозитарийдің деректеріне сәйкес, бүгінде  жеке тұлғалардың брокерлік шотының саны 200 мыңға жуықтады. Олардың басым бөлігі жасы 35-тен асқан азаматтарға тиесілі. Дегенмен, инвестиция нарығына бет бұрған жастар да баршылық. Мысалы, пандемия басталғанда брокерлер арасындағы жасы 24-ке жетпеген азаматтар саны 2,5 есе өскен.

Айта кету керек, брокерлік шоттар кәмелетке толмаған азаматтардың атына да ашылады. Бірақ қазір олардың саны 301-ден аспайды.