ЕАЭО елдерінде несие рәсімдеу қазақстандықтар үшін тиімді болуы мүмкін

Өйткені ондағы проценттік мөлшерлеме төмен, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Экономист Мақсат Халық осындай пікірде. Дегенмен сарапшы одақ елдері жасаған келісімнің өз қауіп-қатері бар екенін де ескертті.

Еске салайық, өткен аптада ЕАЭО елдері кредиттік тарих бюросынан деректер алмасуға уағдаласты. Тіпті мәліметтермен алмасу тәртібі белгіленді. Бұл елдердің азаматтары мен компанияларына Еуразиялық «бестік» аумағында несие алуға мүмкіндік береді. Аталмыш шара негізінен бизнес үшін тиімді, - дейді мамандар. Келісімнің орындалуын Ресей мен Арменияның орталық банктері, Беларусь пен Қырғызстанның ұлттық банктері, Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қадағалайды.

Мақсат Халық, экономист:

– Қазақстан азаматтарына Ресей банктерінде несие рәсімдеу әлдеқайда тиімді болуы мүмкін. Өйткені онда проценттік мөлшерлеме төмен. Ресейдің Орталық банкі қоятын базалық мөлшерлеме де төмен. Былтыр елдің орталық банкі мөлшерлемені 4,25%-ке дейін түсірді.  Ал Қазақстан әлі 9%-тен төмендеткен жоқ.  Сондықтан бизнес үшін де, халық үшін де Ресей банктерінен  несие рәсімдеу тиімді болып қалады. Ақиқаты осы. Бірақ қауіп жағын да айтып өту керек. Бұл біздің қаржылық жүйеге зиян келтіруі мүмкін.

БАНК СЕКТОРЫ ТҰРАҚТЫ

Қазақстанның банк секторының қаржылық көрсеткіштері  тұрақты жоғары болып қала береді.  Fitch Ratings қысқа мерзімдік болжамында осындай тұжырымға келген. Сарапшылардың пікірінше, банктер 2020 жылғы экономикалық құлдырау нәтижелерін  ескерген.  Агенттіктік қазақстандық банктердің көпшілігінде активтердің құрылымы берік, кірістілігі күшті және таза баланстары бар деп атап өтті. Алайда, сектордағы бірнеше банктер әлі де айтарлықтай проблемалық активтерге ие.

НАРЫҚ ЫРЫҚҚА КӨНБЕЙДІ

Қазақстада азанда мал ет мен құс еті шамамен 11%-ке қымбаттады. Өткен айда ең қымбаты жылқы еті болды, 2557 теңге. Одан кейін қой еті, келісі 2400 теңгеге жуықтады және сиыр етінің келісі 2200 теңгеден сатылды. Ал тауық еті 1047 теңге болды.

Осы орайда Қазақстанның құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріповтың айтуынша, бәріне себеп жем-шөптің қыматтауы. Ет өнімдерінің өзіндік құнының 70 процентіне осы фактор әсер етеді. Бірақ «мал азығы қанша қымбатағанымен, тауар өндірушілер тауық етінің бағасын қатты көтерген жоқ. Көп болса 3 процент қосты. Ал қалғаны делдалдардың үстемесі», - дейді одақ басшысы.

Оның айтуынша, өндірушіден орта есеппен 850 теңгеге шыққан тауық етінің құны тұтынушыға жеткенше 1000 теңге дейін жетеді.

Руслан Шәріпов, ҚР құс өсірушілер қауымдастығының басшысы:

– Жемнен басқа Қазақстанда ештеңе өндірілмейді. Бәрін біз шетелден алып келеміз. Ол асыл тұқымды балапан, жабдық барлығын шетелден алып келеміз. Валюта бағасын көріп отырсыздар бүгін 430 болып тұр. Одан басқа, бидай өзімізде өсетін. Жем жоқ. Үшінші классты сатып алып отырмыз. 1 тоннанның бағасы 130 мыңнан болып тұр. Осы бір, бір жарым ай ішінде 15-20 теңге қосылып отыр. 

Айта кетейік, бұл ет бүкіл әлем бойынша қымбаттаған.

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметінше, әлемде үй жануарларының еті мен құс етіне азық-түлік бағасының индексі бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 22%-ке көп  болды.

ТЕҢГЕ ТАҒЫ ӘЛСІРЕЙ ТҮСТІ

Ұлттық банктың хабарлауынша, доллар 431 теңге 58 тиын. Ал ақша айырбастау орындарындағы бағам әлдеқайда жоғары. Доллар 433-435 теңгеге саудаланып жатыр. Экономистер бұған мұнайдың арзандауы себеп дейді. Қазір Brent маркалы қара алтын құны 78 долларға дейін түсіп кетті. Ал WTI 74 долларға дейін арзандады. Мұнай бағасының төрт апта қатарынан құлдырауына сұраныстың азаюы әсер еткен. Ал өзге валюталарға келсек, еуро 486 теңге 76 тиын, Ресей рублі  5 теңге 83 тиын.