Елімізде ең көп сұранысқа ие 5 көлік аталды

Жыл басынан бері отандастарымыз автосалоннан 96 мың 800 су жаңа көлік сатып алды.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37 процентке көп. Сұранысы артып тұрған топ бес марканы атап өтейін. Биыл елде «Шевроленің» саудасы жүрді. Ресми диллерлер 10 айда осы маркадағы  23 мыңдай темір тұлппарды сатты. Одан кейін Хёндэ, үштікті жапондық «Тойота» түйіндеп тұр. Корейлік «Киа» төртінші, ал «Лада» бестікке енеді. Соңғысының саудасы биыл екі еседен астам азайып кетті. Бұған Автоваз өнімдерінің қымбаттауы әсер еткен.

Көлік бағасы қалай құбылды?

Кейінгі тоғыз айда автосалонда жаңа көлік 10 проценттей қымбаттады. Мамандар оны көлікті құрастыруға қажетті бөлшектің жетіспеуі, қымбаттауы және тасымал ақысының өсуімен байланыстырады. Оның үстіне карантин кезіндегі кідірістен кейін жаңадан темір тұлпар тақымдауды қалайтындар қатары көбейген. Машина жасау зауыттары бұл сұранысты қанағаттандыра алмай қалды. Қазір елдегі автосалондарда көлік тапшы. Жаңасын міну үшін тапсырыс беріп, 3-6 ай аралығында күтуге тура келеді. Осы аралықта бағасына тағы 200-300 мың қосылуы да ғажап емес. Сондықтан көп күткісі келмегендер көлікті екінші нарықтан таңдауға мәжбүр. Сәйкесінше жүрілген авокөлікке сұраныс артып, бағасы шарықтады. Мәселен, «Тойота Камри» 70 он айда 1 миллиондай қымбаттаған.