434,48 496,10 5,67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Nissan компаниясы: 2050 жылы зиянды қалдықсыз көлік шығарылады

  • 421
  • UPD: 14:39, 30.11.2021
Nissan компаниясы: 2050 жылы зиянды қалдықсыз көлік шығарылады

Компания алдағы 10 жылда ауаға зиян келтірмейтін көлік өндірісіне көңіл бөледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Авто концерннің бас директоры Макото Утида ұзақ мерзімге арналған стратегиямен бөлісті. Осылайша бес жыл ішінде өндіріске 17 млрд доллардан аса инвестиция құйылады. Оған көліктің 23 жаңа моделі шығарылады. 5 жылдан кейін Еуропадағы көлік сатылымы 75%, Жапонияда 55%, АҚШ пен Қытайда 40 процентке артады. 2028 жылға қарай заманауи аккумуляторлы темір тұлпарлар нарыққа шығарылады. 2050 жылы Ниссан өнімдері түгел таза технологияға негізделмек.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Қазақстанда тұрғын үй мәселесі өзекті. Крыша.кз сарапшылары анықтағандай, жайлы баспана іздеушілер жыл басындағыдан 5-6 млн теңге артық ұсынатын болған. Баға да бір орында тұрмағаны анық. Соған ыңғайланған болар деген ой келеді. Мысалы 1 бөлмелі үй іздеушілердің көбі бұрынғыдай 18,5 млн теңге емес, 35 млн теңге ұсынады екен. Биыл елде 33 мың тұрғын үй пайдалануға берілді. 11,6 млн шаршы метр. Бұл былтырмен салыстырғанда 8% көп. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы, Маңғыстау облысындағы құрылыс қарқынды. Баспанамен қамту мәселесін шешу үшін тартылған инвестиция 2 трлн теңгеге жетеді. Оның 76% құрылысшыларға тиесілі. 38 проценті үлескерлік еншісінде. Бір жылда еліміздегі ипотекалық несие үлесі 44 процентке артты. Өткен айда отандастарымыз 162 млрд теңге алған. Әсіресе елорда тұрғындары белсенді. 44 млрд теңге қарыз берілді. Алматыда 40 млрд теңгеге жуықтады. Тізімді Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары жалғайды. Ең төменгі көрсеткіш Қызылорда мен Түркістан өңірлерінде тіркелді.

МАҚСАТ – ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА

«Самұрық-Энерго» Astana international exchange биржасына 18,4 млрд теңгеге «жасыл» облигация орналастырды. Купондық мөлшерлемесі 11 проценттен асатын құнды қағаздар 7 жыл бойы айналымда болады. «Қазақстан, бүкіл әлем сияқты, жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдаланудың 4 кезеңіне аяқ басты» деді компанияның басқарма төрағасы Сұңғат Есімханов. Ал Жасыл қаржы орталығының бас директоры Айдар Қазыбаев бұл бастаманы тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңындағы маңызды оқиғаға балады.

Ренат Бектұров, AIX басқарма төрағасы:

– Климаттың өзгеруіне қарсы тұру біздің заманымыздың ең күрделі міндеттерінің бірі. Оны шешу үшін елдердің үкіметтері ұсынуы мүмкін қаржыдан әлдеқайда көп қаржы қажет. «Жасыл» облигациялар қазіргі уақытта төмен көміртекті болашаққа көшуге ықпал ететін осы салаға қаржыландыруды тартудың негізгі шешімі болып табылады және AIX осы процестің аймақта алдыңғы қатарда тұрғандығын мақтан тұтады.

 

Хабар 24 телеарнасы