Баспана қымбаттай ма? – Сарапшы пікірі

Ал жаңа үйлердің бағасы биыл 10-15 процентке көтерілуі мүмкін. Қазақстан құрылысшылары одағының төрағасы Талғат Ерғалиев осылай дейді.

Оған доллар бағамы мен шикізат нарығындағы баға тұрақсыздығы себеп. Елде құрылыс материалдарының 60 проценті шеттен импортталады. Сондықтан тұрғын үй бағасының төмендеуін болжау қиын дейді сарапшы.

Шикізат нарығындағы жағдайды ескерсек, баспана шамамен 10-15 процентке қымбаттайды. Сарапшы мәселенің шешімі ретінде халықтың әл-ауқатын арттыруды ұсынды. Себебі бұл сатып алу қабілетін айқындайды. Ал Қазақстанның біріккен риелторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко егер мемлекет инфляцияны тежей алса, жылжымайтын мүлік 5-10 процентке арзандауы мүмкін дегенді айтты. Өйтпегенде баға өзгеріссіз қалады. Себебі тағы да сол инфляцияның өсуі мен құрылыс материалдарының қымбаттауы әсер етеді.

Ирак мұнай мұнай экспортын арттырады

Әлем жаңалықтарына ойысайық. Ирак наурызда шетке тасымалданатын мұнай көлемін арттырмақ. Оған қара алтынға деген сұраныс әсер еткен. Бұл туралы Ирактағы мұнай өндіру бойынша мемлекеттік ұйым жетекшісі Али Низар хабарлады. Дегенмен, бұл мұнай бағасын барреліне 100 доллардан асыруға түрткі бола ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Алайда кейбір сарапшылар баға өсімін жоққа шығармайды. Тіпті бірінші тоқсанда байқалуы мүмкін дейді. Ирак мұнай экспортын орташа есеппен тәулігіне 3,3 млн баррельге дейін ұлғайтуды көздейді. Соның салдарынан нарыққа қосымша шикізат көлемі қажет болады. Айта кетейік, қаңтар мен ақпада ОпЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндірісін тәулігіне 400 мыңға дейін арттыруға уағдаласты. Келесі басқосу 2 ақпанға жоспарланған.