460,95 484,00 8,66
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сарапшылар экономикада болжам жасаумен айналыспай, нақты жоспар құруды ұсынды

  • 534
  • UPD: 12:00, 28.01.2022

Қайырбек Өскенбаев қала құрылысын жоспарлауда үздік халықаралық тәжірибеге сүйенетінімізді айтады.

Құжат дайын. Енді оны жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар мақұлдауы тиіс. Ал тәуелсіз экономист Қанат Оспановты "Жаңа Қазақстанның" жайы алаңдатады. Сарапшы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке негізделген экономиканың жаңа моделін ұсынып отыр. Ол ел ертеңі еңселі болу үшін бір не бес жылдық стратегиялық жоспарлауға ден қою қажет дейді. Елде түрлі жоба, бағдарламалар бар. Тәуелсіз экономистің пікірінше, олар әзірге мемлекеттік бюджетті сорып қана отыр. Қанат Оспанов мұны стратегиялық жоспарлау құралы деуге келмейді дейді. Экономист әлеуметтік-экономикалық салаларда тізбектілік жүйесін енгізудің тиімділігін алға тартты. Бұл ретте салмақтың бәрін бизнеске арта салуға болмайды. Мемлекеттің үйлестіріп отыруы маңызды. Бұл үшін экономикалық даму министрлігін құру да артық етпейді деді сарапшы. Онда көп жылдық стратегиялық жоспар түзілетін болар еді. 

Қанат Оспанов, тәуелсіз сарапшы:

- Сондай жоспар болмаса, менің ойымша, нақты даму болмайды. Қазіргі бағдарламалар көбіне болжам сияқты жасалған. Үкімет болжам жасайды. Бес жылдан кейін өнеркәсіп 5 процентке өседі. Қалай өседі? Не арқылы өседі? Мысалы, автомобиль құрастыру арқылы ма? Қандай сала арқылы біз өсеміз. Оған қанша инвестиция қажет? Кім оны істейді? Үкімет айтады «оны бизнес өзі шешсін» дейді. «Рынок өзі реттесін». Ол мүмкін емес нәрсе қазіргі заманда. Рынокта біздің компанияларымыз бәсекеге шыдай алмайды. Сондықтан үкіметтен көмек керек. Кредит ғана емес әрине. Жалпы координация керек.

Хабар 24 телеарнасы