Ресейге салынған санкциялар еліміздің ЖІӨ кері әсерін тигізуі мүмкін

Ресей мен Украина арасындағы жағдай бұлай жалғаса берсе ол Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына әсер етіп, елдегі инвесторлар өздерінің  құнды қағаздарын алып кетуі мүмкін. Бұл қаржыгерлердің пікірі. Ресейге салынған санкциялар еліміздің Жалпы Ішкі Өнім көрсеткішіне қаншалықты әсер етуі мүмкін?

Осы сағаттағы мәлімет бойынша брент маркалы мұнайдың 1 баррелі 92 доллардан асты. Кеше бірнеше мәрте көтеріліп тіпті 100 доллардан да артқан болатын. Көрші мемлекеттердегі ахуал теңге бағамын құлдыратты. Әзірге 1 АҚШ доллары 466 теңгеден саудаланып жатыр. 

Бұл тұста отандық қаржыгер Жасұлан Кушебаев рубль құлдырап кетсе, ұлттық банк біздің төл теңгемізді соған сәйкестендіріп индекстеуі мүмкін деп санайды. Әрі онда салынған санкциялар бізді де айналып өтпейді. Өндіріс қызмет көрсету салаларындағы Ресейлік компанияларға шетелде операциялар жасауға шектеу қойылып жатыр. Бұл кәсіпорындардың бірқатары елімізде де жұмыс істейді. Олардың экономикалық белсенділігі төмендеген соң біздің ЖІӨ-ге кері  әсері тиюі мүмкін-дейді қаржыгер. Сондай-ақ, отандастарымыздың депозиттегі жинақтарын жаппай шешіп алып жатқаны да теңге бағамына зардабын тигізеді. Маманның пікірін тыңдасақ.

Жасұлан Көшербаев, қаржыгер:

– Әрине, мемлекет тарапынан нақты қадам жасалады деп ойлаймын яғни соңғы айтылған шешім.

ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕР АРЗАНДАЙДЫ

Шетелдік көліктер арзандайды. Утиль алым 50 процентке төмендеген соң темір тұлпардың бағасы кемінде 500 мыңға түседі. Отандық ірі автодилерлік орталықтың бас директоры Динара Ысқақова осылай деді. Маманның айтуынша, тек қымбат көліктер ғана емес көпшілік тұтынатын брендтердің де  бағасы түседі. Атап айтқанда, Volkswagen Polo 500 мыңға, Toyota Camry 700 мыңға дейін арзандайды.

Динара Ысқақова, ірі диллерлік орталықтың бас директоры:

– Утиль алымының жаңа мөлшерлемесі ресми қолданысқа енген күннен бастап, біздің дилерлік орталықта шетелден импортталатын барлық автокөліктердің бағасы төмендейді. Мәселен, қозғалтқыш көлемі 3 текше метрден асатын көлік құны шамамен 2 млн теңгеге арзандайды.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫ ҮШІН УТИЛЬ АЛЫМ ҚАЖЕТ ПЕ?

Ауыл шаруашылығы техникасы үшін де утиль алымы төмендеді. Бірақ қоғам белсенділері бірқатар мемлекеттерде мұндай салық мүлде жоқ деп шарқ ұрып отыр. Алайда бұған жауапты министрлік тиісті шара отандық өндірісті жандандыруға сеп болды-дейді. Яғни утиль алымын енгізгеннен кейін шетелдік компаниялар елімізге келіп техниканы шығара бастаған. Нәтижесінде өндіріс жанданды. Қосымша жұмыс орындары ашылды. Сандарды сөйлетсек, отандық шаруалар сатып алған трактор мен комбайнның 89 проценті қазақстандық. Демек, олар утиль алымын төлеген жоқ. Ал енді салықты мүлде алып тастасақ онда өндірушілерді елге тарту мүмкін емес.  

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары:

– Бұрын утил алым жоқ кезде не деп айтты? Сіздерге экспорттап отырмыз сіздер алып отырсыздар мен әрі қарай өз елімде өндіремін сіздерге экспорттап жібере берем. Яғни ешқандай ынталандыру шарасы болған жоқ. Ал мына утиль алым болғаннан соң осы елде өндіріс қойса соны төлемейтінін біліп отырып келіп осында өндіріс ұйымдастыруға мәжбүр болды. 02,36 алдағы уақытта бірнеше құрастыру  бөлшектерін осында құрастыруды жоспарлап отыр.

Ал ауылшаруашылығы техникасын утилизациялау үшін 1 млн астам қаражат керек. Елімізде нақты осы кәсіппен айналысатын мекеме Қостанай облысында іске қосылды. Бірақ әзірге өндіріс тапсырыс қабылдамайды. Бірақ жоспар бойынша келер айдан бастап іске қосылады. «Жасыл даму» мекемесінің басқарма төрайымы Жанат Самат арнамызға берген сұхбатында осы мәселені қаузады.

Жанат Самат, «Жасыл даму» АҚ басқарма төрайымы:

– Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы техникасын тапсырамын деген қажеттілік үлкен сұраныс бар. Біз қазір әлі ашқан жоқпыз. Утилизациялық центрлер әлі ашылған жоқ. Бірақ өте сұраныс көп. Тапсырамын деген мекемелер өте көп. Қажет. Жаңадан аламын деген адамдар өте көп. Сол сертификатты пайдаланамын деген. Өте қажетті деп ойлаймыз.

БІР ЖЫЛДА 32 МЫҢ ОТАНДАСЫМЫЗ ЕЛДЕН КЕТКЕН

Былтыр 1 жыл ішінде 32 мың отандасымыз елден кеткен. Тиісті көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп. Тізімде Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары көш бастап тұр.  Ұлттық статистика бюросының есебінше, сыртқы көші-қон жыл санап артып келеді. Тек 2020 жылы коронавирусқа байланысты шектеулердің әсерінен өсім байқалмады. Ал елге келушілердің басым бөлігі Маңғыстау облысы мен Алматы және Шымкент қалаларына қоныстанған.