loader


Қазақстанда алтын қоры азайды

Қазақстанда алтын қоры азайды. Бұл туралы LS сараптама агенттігі хабарлады.

Дүниежүзілдік алтын бойынша кеңестің ақпаратына сәйкес, 1і наурыздағы жағдай бойынша қымбат металл көлемі 385 тоннаны құрайды. Ал жыл басында ол 407  тонна болған. Қазақстан алтын қоры бойынша Түркия мен Португалияның ортасында, 13-орында тұр.  Алтын қоры бойынша АҚШ, Германия және Италия алдыңғы қатарда. Ал Comex биржасындағы қымбат металдың бір троя унциясы шамамен екі мың долларға сатылып жатыр. Ұлттық банктің сайтында бір грамм алтын 32400 теңге тұрады.

Венесуэла мұнай өндірісін екі есе арттырады

Венесуэла биыл мұнай өндірісін екі есе арттырып, тәулігіне 2 миллион баррель қара алтын өндірмек. Бұл туралы елдің Petroleos de Venezuela SA деген мемлекеттік энергетикалық компаниясы хабарлады. Қазір Венесуэлада тәулігіне 1 миллион баррель мұнай шығарылады. 

«Венесуэла инвестицияларға ашық. Мұнай мен газ өндіруге, бүкіл әлемде, соның ішінде АҚШ-та мұнай-газ тұрақтылығын қамтамасыз етуге дайын» делінген хабарламада.

Әлемде азық-түлік дағдарысы күшейді

Жаһандық азық-түлік дағдарысы күшейе түсті. Индонезия пальма майы экспортына шектеу қойып, азық-түлік қорын өз елінде сақтап қалуға тырысқан елдердің тізімін толықтырды. Бұл туралы finversia.ru. хабарлады.

Украинадағы қақтығыс әлемдік астық өндірісіне, азық-түлік майларын жеткізуге және тыңайтқыштар экспортына қауіп төндіреді. Бұл негізгі тауарлар бағасының қымбаттауына әкеледі. Мысалы, пальма майы әлемдегі ең көп қолданылатын өсімдік майы. Ол печенье, маргарин, кір жуатын ұнтақ мен шоколад өндіруде қолданылады. Биыл пальма майының бағасы 50%-ке өсті. БҰҰ-ның Азық-түлік агенттігінің деректері бойынша ақпанда азық-түліктің әлемдік бағасы 20,7%-ке қымбаттады. Әлемдік астық өндірісі де төмендеуі мүмкін. Өйткені табиғи газдың қымбаттауынан тыңайтқыштар өндірісі қысқаруы ықтимал.

Сондай-ақ...