Астық өңдеушілерді нарықтағы баға алаңдатады

Қазақстандық диірмендердің жартысынан көбі жұмысын тоқтатуға мәжбүр. Олар шикізаттың аздығын алға тартып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал астық одағындағылар, керісінше, біздегі бидайдың жетіп артылатынын айтады. Өңдеушілерді оның бағасы үркіткен.

Астықтың қымбаттауы оны өңдеушілерді алаңдатып қойды. Егер бидайдың бір тоннасын нарықтағы 160 мың теңгеге алатын болсақ, ұн өнімдерінің құнын арттыруға мәжбүр боламыз. Бұл өз кезегінде ішкі тұтынушылардың қалтасына салмақ салады. Астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ган осылай дейді. Елде 170 диірмен бар. Олардың жылына 10 млн тонна астық өңдеуге қауқары бар. Алайда, олардың жартысынан көбі қордың аздығынан жұмысын тоқтатып жатыр. Бірақ астық одағының ресми өкілі Евгений Карабановтың пікірі басқа. Өңдеушілер бұған дейін Ресейдің арзан бидайын пайдаланып келген. Ондағы экспортқа шектеу қойылғалы жағдай өзгерді. Ал біздегі бағаның өсуіне осы тұтынушылардың көбеюі – себеп. Евгений Карабанов елде астықтың жеткілікті екенін баса айтты. 15 сәуір мен маусым аралығында Қазақстан 1 млн тонна астық пен 300 мың тонна ұн экспорттайды. Астық өңдеушілер бұл шектеудің әлі де аз екенін айтады. Өйткені ішкі нарықты қамту мүмкін болмай қала ма деген күдік бар.

Евгений Карабанов, Қазақстан астық одағының ресми өкілі:

Астық өңдеушілерді өнімін азық-түлік қауіпсіздігі үшін 10 %-ке төмен бағаға сату талабы ойландырып қойды. Ішкі нарыққа арзан сатқанша, қымбатқа экспорттау тиімді оларға. Бірақ алаңдауға негіз жоқ. Азық-түлік корпорациясында қор жеткілікті. Қазір шаруалардың жайы алаңдатарлық. Қажет ресурстар түгел қымбаттап кетті. Тыңайтқыш 2 есе, дән 2 есе, жабдықтар 3 есе қымбаттады. Ауыл шаруашылығы техникасы да арзан емес. Бізге жаңа технологияларды пайдаланып, егістік науқанын өткізіп алу керек. Қазір бізде 4,5 млн тоннадан аса астық бар.

 Евгений Карабановтың пікірінше, астық бағасы бұлай қымбат болып тұра бермейді. 17 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссия отырысы өтеді. Сол кезде Ресей астық экспортына шектеуді алуы да мүмкін. Оған қоса, оңтүстік өңірлерде алғашқы түсім орыла бастайды. Бұл да бағаны реттеуге мүмкіндік береді. Жалпы осы ұн өндірушілер мен шаруалар дауына төрелікті Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырған еді. Келесі эфирден олардан жауап келеді деген сенімдеміз.

АХҚО БАНКТЕРІ ЭКОНОМИКАҒА 1,5 МЛРД ДОЛЛАР НЕСИЕ БЕРУГЕ ДАЙЫН

2023 жылы АХҚО жұмыс істеп жатқан компаниялардың саны 2000-ға жетеді. Орталық банктері ел экономикасына 1,5 млрд доллар несие салуға ынта білдірген. Бүгінге дейін қаржылық ұйымдар біраз мемлекетке 600 млн долларға жуық қарыз беріп үлгерді. АХҚО басқарушылық кеңесінің төрағасы Қ.Тоқаев былтыр шілдеде қатысушы компанияларға қазақстандық қаржы нарығына жол ашу керектігін айтты. Дәл сол шешімнен кейін Ұлттық банк Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігі мен АХҚО бірлесіп, валюталық реттеу бойынша ережені қабылдады. Лицензия алған қаржылық компаниялар біздің елде жоқ не дамымаған қаржылық қызметтерді көрсете алады. Оған қоса оларға корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын төлеу бойынша жеңілдіктер ұсынылады.

Алмас Жоламанов, АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің департамент директоры:

– Мысалы, краутфандинг сияқты цифрлық активтерді басқару сияқты қызметтер тек қана АХҚО-да қолжетімді. Басқа Еуразиялық өңірде, көп елдерде жоқ немесе реттелмейді. Ал бізде осында келіп, осындай қызметтерді ресми түрде көрсетуге, оны маркетинг жасауға бизнес мүмкіндік алады. Мысалы, краутфандингпен айналысатын компаниялар. Бес млрд теңгеге жуық сомаға кіші және орта бизнеске қаржыландыру берді. Ол банк несиелеріне балама.