Елімізде жер қойнауын пайдаланушыларға қойылатын талап өзгереді

Қазба байлық өндіретін компаниялар енді өңірлердің әлеуметтік мәселелеріне араласуға міндеттелмек. Бұл жергілікті тұрғындарға қандай пайда әкелмек? Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушыларға қосымша міндеттемелер белгіленеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар өңірлік әлеуметтік жобаларға қатысып,  жаңа жұмыс орындарын ашуға міндеттеледі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық  даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. Айта кетейік, 2021 жылдың қорытындысы бойынша геологиялық барлау жұмыстарына 1700-дей лицензия берілді. Ал соңғы төрт жылда жер қойнауын пайдалануға шамамен 7 трлн теңге инвестиция тартылды.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инрфақұрылымдық даму министрі:

Жаңа шарттарға сәйкес әрбір жер қойнауын пайдаланушы өңірлік әлеуметтік жобаларға қатысып, жаңа өндіріс орындарын құратын болады. Солнымен қатар, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жаңғыртып, қосымша жұмыс орындарын құрады және отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ететін болады.

2026 ЖЫЛЫ 2,2 МЛН ШАРШЫ КМ ЖЕРДЕ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР ЗЕРТТЕЛЕДІ

Қазақстан пайдалы қазбаларға бай екені белгілі. Бірақ дұрыс игерілмесе, бұл жер байлығы да жақын арада таусылуы мүмкін. Осыған байланысты, "жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жандандыру міндеті тұр",- дейді ведомство өкілдері. 2026 жылға қарай кен орындарын зерттеу аумағы 680 мың шаршы шақырымға жетеді. Бұл 2,2 млн шаршы километрге дейінгі елді геологиялық-геофизикалық зерттеуге мүмкіндік береді. Еске салайық, қазір еліміз әлемде хром қоры бойынша 1 орын, вольфрам бойынша 2 орын, мырыш, қорғасын бойынша 3 және 4 орында.

Сәуірде елдегі инфляция деңгейі 13,2% болды. Көрсеткіш бір айда 2%-ке өскен. Бір жылды алып қарасақ, азық-түлік тауарлары қатты қымбаттаған. Өсім 18%-ке жуық. Әсіресе, қант, көкөністер мен картоптың құны қымбаттады. Басқа тауарлардың бағасы 11%-ке өскен. Оның ішінде бір жылда 20%-ке қымбаттаған көліктің бағасын атап өтуге болады. Қызмет көрсету саласындағы өсім 8 %-ке  жуықтайды. Бұл салада қоғамдық тамақтану орындарының қызмет көрсету құны өскен.

СӘУІРДЕ ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ 13,2%-ТІ ҚҰРАДЫ

Азық-түлік тауарлары 17,9%, азық-түлік емес тауарлар 11%-ке, қызмет көрсету 8,9%-ке өскен.

Ал енді ақша аударымдарына тоқсалсақ. Жыл басынан бері Қазақстаннан Ресейге ең көп ақша аударылған. 262 миллиард теңге. Одан кейін Түркия 110 миллиард теңге. Сыртқа аударылған ақша көлемі бойынша үштікке Швейцария кірді.  Қазақстаннан бұл елге 84 миллиард теңгеден астам сома аударылыпты.  Жеке тұлғаларға жіберілген қаражат көлемі бойынша елдер тізіміне АҚШ пен Өзбекстан да кірді.  Ал шетелден Қазақстанға аударылған қаржы көлемі бойынша рейтинг мынадай. Биыл Ресейден 78 млрд теңге, АҚШ-тан 52 млрд теңге, Швейцариядан 18 млрд теңге елге аударылған деп хабарлайды Атамекен бизнес.

ҚАЗАҚСТАННАН ШЕТЕЛГЕ АУДАРЫЛҒАН АҚША

2022 жылғы І тоқсан бойынша:

Ресей 262 млрд теңге

Түркия 110 млрд теңге

Швейцария ₸ 84 млрд теңге

ШЕТЕЛДЕН ҚАЗАҚСТАНҒА АУДАРЫЛҒАН АҚША

2022 ж. І тоқсан бойынша:

Ресей 78 млрд  теңге

АҚШ 52 млрд теңге

Швейцария 18 млрд теңге

ҮНДІСТАНДА КӨМІР ТАПШЫ

Үндістанда көмір тапшы. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, сәуірде ел ішкі өндіріс көлемі бойынша жоспарды орындай алмаған. Осылайша коммуналдық қызметтер көмірсіз қалған. Энергетика секторындағы үнді көмірінің үлесі 61 миллион тонна болған. Бірақ бұл керек көлемнен  7% -ке төмен делінегн хабарламада. Елдегі отынның тасымалы да қиындады. Үндістанның теміржолдары ұсынған поездар саны 13%-ке бірақ қысқарыпты. Осыған байланысты елдегі бірнеше өңір жарықсыз отыр. Кей өңірлерде жарық 8 сағатқа дейін сөніп қалады екен. Ел Үкіметінің мәліметінше өткен айда көмір қоры 21 млн тоннаны құрады. Бұл қажет көлемнен аз көрсеткіш. Осы орайда, Үндістанның NTPC корпорациясы соңғы алты жылда бірінші рет көмір электростанциясын салуға келісімшарт жасаған.

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова