Ресей ЕАЭО елдері бидай экспортына квота енгізгенін қалайды

Ресей Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық елдердің астық экспортына уақытша тыйым енгізгенін қалайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрші елдің баспасөз беттерінде осындай ақпарат жарияланды. Онда 20 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысында Ресей осындай ұсыныс жасағаны айтылған.

Қазақстандық сарапшылар бұған қарсы. Оған бірнеше себеп бар.

Ресей Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елдерінің астық экспорттауға квота енгізгенін қалайды. Бұл туралы «Коммерсант» басылымы хабарлады.

«Ресей реэкспорттан қорқып, Одақтың барлық мүшелерінің астық экспортына квоталар мен баж салықтарын енгізгенін қалайды. Сондай-ақ ол ЕАЭО-ға жеткізілімдерге шектеуді 30 маусымға дейін ұзартуы мүмкін. Бірақ Қазақстан бұл ұсынысқа қарсы» деп жазылған хабарламада. Мысалы, «Совэкон» аграрлық нарыққа сараптама жасайтын орталық директоры Андрей Сизовтың айтуынша, Қазақстанға Ресейдің ұсынысын қабылдауға негіз жоқ. Оның пікірінше, бұл ірі бидай экспорттаушы  мемлекеттің фермерлерінің мүдделеріне сай келмейді және түптеп келгенде ЕАЭО-тың мақсаты еркін сауда жасауға жол ашу. Сарапшы ойын осылай деп түйіндеген.

ЖАСТАР ЖЕКЕ БИЗНЕСКЕ БЕТ БҰРДЫ

Қазақстандық жастар бизнеске жаппай бет бұрды. Қазір елде 200 мыңнан астам жас кәсіпкер бар. Бір жылда олардың саны бірден 36% өскен. Жасы 29-ға дейінгі азаматтар елдегі барлық жеке кәсіпкерлердің 18% құрайды. Ал гендрлік сипатына қарай алып қарасақ, бизнеске кеткен ерлердің саны 109 мың, ал кәсіпкер әйелдер саны 102 мыңнан асады. Өз ісін бастап, бизнеспен айналысатын жастардың көбі қалалық жерде. Статистикаға сай, жеке кәіспкерлердің төрттен бір бөлігі ғана ауылды жерде тұрады. Қазақстандық жастар негізінен көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ көлік жөндеумен айналысады. Танымал бизнес бағыттардың ішінде екінші орында ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы. Үштікке өңдеу өнеркәсібі кірді. 

ЕЛДЕ 211 МЫҢ ЖАС КӘСІПКЕР БАР

158 мың жеке кәсіпкер қалада, 53 мың жеке кәсіпкер ауылда

ЖАСТАР АРАСЫНДА ТАНЫМАЛ БИЗНЕС ТҮРЛЕРІ

73 мың кәсіпкер – көтерме бөлшек сауда

15 мың кәсіпкер – ауыл, балық, орман шаруашылығы

12 мың кәсіпкер - өңдеу өнеркәсібі

РЕСЕЙДІҢ ЕНШІЛЕС БАНКТЕРІНДЕ ₸ 9 МЛРД БҰҒАТТАЛДЫ 

Ресейлік банктердің қазақстандық еншілес компанияларында 9 миллиард теңгеден астам қаражат бұғатталды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді. Оның айтуынша, санкциялық талаптарға сай жекелеген шетелдік банктер «Сбербанк», «Альфа-Банк» пен «Банк ВТБ Қазақстаның» шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарын бұғаттаған. Оның 6,7 миллиард теңгесі «Альфа-Банкте», 2,7 миддиард теңге «Сбербанкте» және қалғаны «Банк ВТБ Қазақстанға» тиесілі. Бұғатталған қаражат клиенттерге басқа банктер арқылы қайтарылуы мүмкін.

ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДАҒЫ САУДА 40% ӨСТІ

KASE Global-дағы сауда-саттық көлемі бір аптада 40% өсті. Өткен аптада онда 12 млн долларға мәміле жасалған. «Бұл алдыңғы аптадан 45%-ке жоғары» деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы. Биржада негізіненен құнды қағаздар сатылған. Airbus еуропалық авиақұрылыс компаниясы 5 млрд теңгеге 24 мәміле; NVIDIA процессорларын өндіруші 40 млн теңгеге 25 мәміле, AMD микросхемаларын әзірлеуші 34 млн теңгеге 7 мәміле жасаған. Бұл сауда-саттық құнына қарай іріктеу. Ал мәмілелер саны бойынша Ford, AMD және Apple акциялары көш бастап тұр. Инвесторлардың ішінде мәмілелердің жартысына жуығы брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесінде, заңды тұлғаларға 48% тиесілі, жеке тұлғалардың үлесі 1%-ті құрады.

РЕСЕЙДІ ОПЕК+ КЕЛІСІМІНЕ ҚОСУЫ МҮМКІН

Сауд Арабиясы ОПЕК+-пен жаңа келісімге Ресейді қосқысы келеді. Бұл туралы Корольдіктің Энергетика министрі Абдель Азиз бен Салман Financial Times газетіне берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Эр-Рияд ОПЕК+-пен жаңа келісім жасауға үмітті және оған Ресей кіреді. Министр нарықтағы құбылмалы жағдайда жаңа келісім туралы егжей-тегжей айтуға әлі ерте екенін, бірақ егер сұраныс болса ОПЕК+ мұнай өндіруді арттыратынын атап өтті. Ол өндіру және мұнай өңдеу саласындағы проблемаларды жою үшін Үкіметтер өнеркәсіпті көмірсутектерге инвестициялауға ынталандыруы тиіс екенін айтты. Абдель Азиз бен Салман отынның қымбаттауын әлемдік мұнай өңдеу қуатының жетіспеушілігімен байланыстырды.