Депозитте ақша ұстайтындар саны азайды

Ақшаны депозитте сақтайтындар азайды. Елімізде депозиттер көлемі 643 млрд теңгеге төмендеді.

Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады. Егер осы дылдың басында жинақтарда 16,4 трлн теңге болса, 1 мамырдағы жағдай бойынша бұл сома 15,7 трлн теңгеге дейін азайды. Осылайша жыл басынан бері халықтың салымдары 4,2% - ке қысқарды. Алматы тұрғындары жинақ көлемі бойынша бірінші орында тұр 6,6 трлн теңге. Елордалықтардың депозиттерінде 3,2 трлн теңге сақталған. Одан кейін 785 млрд теңге жинағы бар Қарағанды облысы орналасты. Ал ең аз ақша түркістандық депозиттерінде сақталған. Салымдардың басым бөлігі ұлттық валютада сақталған.

Теңге қайта құнсызданды

Мұнайдың қымбаттағанына қарамастан Ресей рублі ұлттық валюта бағамына кері ықпал етіп тұр. Кеше KASE биржасында сауда-саттық ашылғанда долларға шаққанда теңге бағамы күрт төмендеп, 430-ға дейін әлсіреді. Тенгеномика сарапшыларының айтуынша, өткен аптада мұнайдың котировкаларының 119 долларға дейін өсуі, ұлттық валютаның нығаюына сеп болды. Ал қазір Brent маркалы мұнай 116 долларға саудаланып жатыр. Сонымен қатар жұма күні Ресей рублі АҚШ долларына қарағанда нығайып, 66 рубль деңгейінде жабылды. Сондықтан сарапшылар қара алтын құны қанша өскенімен көрші елдің ақшасы да Ұлттық валютаға ықпал етеді деген пікірде.

Американдықтардың табысы төмендеді

Сәуірде американдықтардың кірісі төмендеп, ал шығыны артқан. Бұл туралы халықтың қаржылық жағдайына қатысты да есепте жазылған. Американдықтардың кірісі экономистердің болжамынан да төмендеп, 0,4 процентке түсті. Ал шығыны 0,9 процентке өсті. Бірақ мамандар бұл есепті екі түрлі бағалауға болады дейді. Үй шаруашылықтарының тұтыну көлемі ЖІӨ-нің негізгі элементі екенін ескерсек, оларға қарап американдық экономиканың күшін бағалауға болады. Бірақ бұл тек қалыпты жағдайда ескеріледі. Екінші жағынан амеркандықтардың шығыны артуы, жоғары инфляцияның салдары болуы мүмкін. Айта кетейік, өткен аптада Мичиган Университеті тұтынушылардың өңіл күйіне қатысты зерттеуін жариялаған. Оған сәйкес, америкалықтардың тұтынушылық көңіл күйі 2011 жылдан бергі ең төмен мәнді көрсеткен. 

Жеңіл мұнай сорттары қымбаттады

АҚШ пен ЕО-ның Urals атты мұнай қоспасын ауыстыруға деген құлшынысы жеңіл мұнай сорттарының қымбаттауына әкелді.

"Еуропа мен АҚШ-та дизель отыны мен бензинді қайта өңдеу маржасы жоғары. Салдарынан Батыс Африка, Америка, тіпті Солтүстік теңізден келетін шикі мұнай түрлерінің бағасы өсті", - дейді трейдерлер. Бұл жағдай Ресейден баратын Urals мұнай қоспасы жеткізілімдерінің қысқаруынан туындаған.  Негізгі тұтынушы елдердегі отын тапшылығынан мұнай өңдеушілер орташа күкіртті мұнай сатып алуға мәжбүр. Нәтижесінде, нигериялық Forcados және Escravos қоспалары Brent-пен салыстырғанда $8 жақындады. Бұл тарихтағы ең жоғары көрсеткіш. Тағы бір танымал мұнай маракасы да қымбаттады. АҚШ-та WTI қоспасы 2022 жылдың наурызынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді. Сарапшылардың сөзінше бұл біраз уақытқа созылуы мүмкін.