Қазақстанда АЭС салынады

Солтүстік пен Оңтүстікті қоса алғандағы энергия тапшылығын шешу үшін қуаты 1000-нан 1400 мВт дейін баратын кемінде екі блокты реактор салынуы тиіс.

Сарапшылар осылай дейді. Елде АЭС салудың алғашқы жоспары 2014 жылы бекітілген. Сол тұста Курчатов қаласы мен Үлкен ауылының әлеуеті пысықталатыны айтылды. Міне шетелдік инвесторлар кеңесінде мемлекет басшысы көпшілікке атом электр стансциясы бой көтеретін аумақтың таңдалғанын айтты. Ал энергетика министрі Болат Ақшолақов оның Алматы облысында орналасатынын нақтылады.

Мамандардың есебінше, құрылыс пен жобаны іске қосу жұмыстары 2035 жылға дейін жалғасады. Әзірге француз, корей, жапон тәжірибесі мен технологиялары зерделенбек. Реактордың қандай болатыны әлі де сарапталып жатыр. Жобаны кім қаржыландыратыны да белгісіз. Анығы - жаңа энергияның бағасы арзан болмайды. "Қазақстан атом электр станциялары" АҚ-ның бас директоры Тимур Жантикиннің айтуынша, тариф үш есе қымбаттауы мүмкін. 2018 жылдан бері жүргізілген маркетингтік зерттеуге сай, 1000-нан 1400 Мвт-қа дейін баратын реактор құны 8-12 млрд долларға жетеді. Бұл алғашқы шығын. Оны кепілді несие беру арқылы немесе коммерциялық жоба ретінде салу ұсынылады.

Солтүстік пен Оңтүстікті қоса алғандағы энергия тапшылығын шешу үшін қуаты 1000-нан 1400 мВт-қа дейін баратын кемінде екі блокты реактор салынуы тиіс. Сарапшылар осылай дейді. Елде АЭС салудың алғашқы жоспары 2014 жылы бекітілген. Сол тұста Курчатов қаласы мен Үлкен ауылының әлеуеті пысықталатыны айтылды. Міне шетелдік инвесторлар кеңесінде мемлекет басшысы көпшілікке атом электр стансасы бой көтеретін аумақтың таңдалғанын айтты. Ал энергетика министрі Болат Ақшолақов оның Алматы облысында орналасатынын нақтылады. Мамандардың есебінше құрылыс пен жобаны іске қосу жұмыстары 2035 жылға дейін жалғасады. Әзірге француз, кәріс, жапон тәжірибесі мен технологиялары зерделенбек. Реактордың қандай болатыны әлі де сарапталып жатыр. Жобаны кім қаржыландыратыны да белгісіз. Анығы - жаңа энергияның бағасы арзан болмайды. "Қазақстан атом электр станциялары" АҚ-ның бас директоры Тимур Жантикиннің айтуынша, тариф үш есе қымбаттауы мүмкін. 2018 жылдан бері жүргізілген маркетингтік зерттеуге сәйкес, 1000-нан 1400 Мвт-қа дейін баратын реактор құны 8-12 млрд долларға жетеді. Бұл алғашқы шығын. Оны кепілді несие беру арқылы немесе коммерциялық жоба ретінде салу ұсынылады.

Тимур Жантикин, "Қазақстан Атом электр станциялары" АҚ бас директоры:

- Коммерциялық жоба болса, тариф қымбаттайды, әрине. Қазіргі тариф кешенді шығындарға байланбаған. Сондықтан халыққа тиімді болғанымен, нысандарды лайықты түрде қамтамасыз ету оңай емес. Міне жүргізілген есепке сай, АЭС салынса, генерация құны сағатына 6-12 центке жетеді.

Қалдықсыз қуат көзі

Биыл 22 500 тонна уран өндіреміз. Өндіріс жағынан Қазақстан көш басында тұр. Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт атом генерациясының болашағына сенімді. Экология министрлігінің өкілдері де атом электр станциясының жасыл тізімге енгенін айтады. Яғни энергетикалық үдерістің келесі сатысы дәл осы қуат көзі болуы мүмкін. Елде АЭС салынар болса, парниктік газдар шығарындылары жылына 4 млн тоннаға азайтылады дейді мамандар. Бірақ бастамаға бей-жай қарауға болмайды. Жобаның экологиялық талаптарға сай болуы ләзім. Ең бастысы, халықтың пікірін ескеру қажет.

Зұлфыхар Жолдасов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің комитет төрағасы:

- Біріншіден, атом энергиясы Еуропа комиссиясында жасыл тізімге енгізілген. Екіншіден өз елімізде 74 пайыз энерго генерация дейміз соны көмір станциясымен байланысты. 40 пайыз газдардың энергостансамен байланысты. Жылына миллиондаған золошлак дейді, қалдықтар шығады. Одан басқа халықаралық міндетіміз бар. Соған байланысты атом генерациясы бізге тиімді болып тұр.  

Білікті маман жоқ 

Табиғи су көздерінің сарқылуы, экожүйенің бұзылуы, тізе берсең гәп көп. Ең бастысы, атом электр саласында жұмыс істейтін маман жоқ. Қазірдің өзінде 2000 адамды дайындау қажеттігі тұр. Кейін олардың біліктілігін арттырып отыру маңызды. Оның проблема екенін ғалымдар айтуда. Өйткені елде мұндай мамандық оқытылмайды. Оқытушыларды дайындау үшін де уақыт қажет. Фукусима мен Чернобыль қасіреті көпшілік жадында. Сондықтан кадр мәселесін реттеп алу қажет дейді сарапшылар. Қазір атом электр стансациясы қызметкерлері мен мамандарын Ресей оқу орындары дайындап жатыр.     

Кенжебатыр Бекмырза, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті:

- Өмірге өте қажетті салада қасымыздағы шетелде ондай мамандарды дайындау қаншалықты бізге керек екенін күмән тудырады. Оның бәрін Қазақстанда дайындау керек. Оған мұғалімдер керек. Оған материалдық-техникалық база керек. Жай физиканың өзін оқыту оңай емес. 5-6 жылда сапалы маман дайындау оңай болмайды деп ойлаймын.   

Қолжетімсіз баспана

АҚШ-та ипотекаға сұраныс азайды. Тіпті соңғы 22 жылда мұндай көрсеткіш тіркелмеген. Америкалық ипотекалық банкирлер қауымдастығы осылай дейді. Мамырда аталған несие мөлшерлемесі сәл түскені белгілі. Алайда қазіргі жағдай қиынырақ. Ұсыныс жоқтың қасы. 30 жылға арналған келісімшарт бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 5,40%-ке өсті. Халық қайта қаржыландырудан гөрі жаңа несие рәсімдеуді жөн көреді. Елде тұрғын үй қорының жағдайы мүшкіл. Соңғы екі айда ипотекалық мөлшерлемелер құбылып тұр. Бұл халықтың тұрғын үй алуына кедергі келтіреді дейді мамандар.