Елімізде қанттың құны шарықтап барады

Тәтті тауардың келісі 800 теңгеге таяп қалды. Соңғы бірнеше айда Қазақстанда қант бағасы бірнеше есе өсті. Ірі сауда желілері бағаны 400-500 теңге шегінде ұстап тұруға тырысқанымен, шағын дүкендерде бұл тауар құны жоғары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейінді министрліктер алаңдауға негіз жоқ деп келеді. Бірақ қанттың төңірегіндегі дүрбелең басылар емес.

Сала өкілдері зауыттардағы өндіріс тоқтаған жоқ, өңірлерге қант үздіксіз жеткізілетінін бір емес, бірнеше рет айтқан. Бірақ біздің өңірлердегі әріптестеріміздің ақпаратына сай,  тәтті өнімді бір қолға 2-3 килограмнан ғана сатады. Толығырақ сәлден соң айтып беремін.

Қанттың бағасына қатысты сұрақ көп. Мамандар тауардың қымбаттауын шикізат тапшылығы және оны жеткізудегі логистикалық қиындықтармен байланыстырады. Ал жауапты ведомство өкілдері халықтың қантпен қамтылуын қадағалап отырмыз дейді.

Арнамызға берген сұхбатында ауыл шаруашылығы саласының сарапшысы, «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков елде қант тапшылығы бар екенін растады. Еске салайық екі апта бұрын сауда және интеграция министрі Бахыт Сұлтанов Қазақстанда қант тапшылығы жоқ екенін айтқан. Қанша мәлімдеме жасалса да, өнім бағасы шарықтап барады. Сонымен сұрнаныстағы тауар құнына тоқталып өтейік. Қазір "Нарықтағы баға" айдары.

Ақтөбеде бір келі қант 670 теңге, Алматыда 700 теңге. Оралда бұл тауар құны 700 теңге. Елордада бір келі қант орта есеппен 750 теңге тұрады. Атырауда да осындай баға. Ал Петропавлда бір келі қанттың құны 780 теңгеге дейін барады. Шымкент шаһарында да осындай баға. Ал Қостанайда бір келі қанттың құны 790 теңге.

ҚАНТ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАЛАЙ ШЕШУГЕ БОЛАДЫ?

Ішкі нарықты қантпен толық қамтамасыз ету үшін  егіс алқаптарын ұлғайту қажет. Суармалы егіс алқаптары көбейсе, біраз мәселе шешімін табады. Бұл туралы Қазақстанның қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Айжан Наурызғалиева айтқан.  Еске салайық, АШМ алдағы уақытта ішкі нарықтың 80 процентін өз өнімімізбен қамтамасыз етуді жоспарлады. Бірақ былтыр ішкі өндіріс жалпы көлемнің тек 43%-тін құрады. Оның 12%-ті қызылшадан, 31%-ті шикі өнімнен алынған қант.

ҚАЗАҚСТАНДА ДЕМАЛУ 25%-КЕ ҚЫМБАТТАДЫ

Қазақстанда демалу қымбатттап барады. Ішкі туристік бағыттардың құны 20-25 процентке өсті. Бірақ демалыс орындарының иелері бағаны барынша қолжетімді етуге тырысады, дейді "ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ" ҚАУЫМДАСТЫ. Ал сол туристік аймақтарға жету бөлек мәселе. Осы тұста теміржол және авиабилеттердің құнын айтпай кете алмаймыз. Қазір негізгі туристік бағыттар Алакөл және Түркістан. Ал сырттағы туристік бағыттардың ішінде Түркия мен Египет көш бастап тұр. Бұл мемлекеттерде демалушыларға жасалған жағдай мен ұсынылған туристік пакеттерге қызығушылық жоғары. Біріккен араб әмірліктері де қазақстандықтар арасында сұранысқа ие бағыттардың бірі.

Мунирам Ахметова, «Қазақстан туризм индустриясы» қауымдастығының төрайымы:

- Бар мәселе билеттерде. Мысалы, бұрын Алакөлге 15 мың теңгеге баратын едік, қазір бұл бағаға поездға да билет ала алмайсың. Тальгоның өзі 19 мың теңгеге дейін барады. Бәрінің бала шағасы бар. Бір отбасыға кететін билеттің бағасына шетелге баруға болады. Бірақ соған қарамастан, өз елімізде демалуды таңдайтындар көп. Ішкі туризм де дамып келеді. Тек бір өкінішті логистика мәселесі болып тұр. Туристер ағыны көп жерде инсрфаструктураны жақсарту керектігін бұрыннан айтып келеміз. Алайда жергілікті әкімдіктердің қолдауынсыз оны дұрыстау мүмкін емес.

ЭКСПОРТТАН $7 МЛРД ТҮСТІ

Елде экспорттан түскен табыс артты. Ұлттық статистика бюрысының мәліметінше, биыл сәуірде Қазақстан 7 миллиард теңгеге тауар экспорттады. Бұл соңғы бес жылдағы максималды көрсеткіш. Ал былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда тіпті 43 процентке көп. Экспортпен қатар импорт көлемі де артты. Бір айда елге 3 миллиард теңгенің тауары әкелінген. Өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда өсім 8 процент. Ал экспортпен импорт арасындағы сальдо 3,7 миллиард теңгеден асты. Яғни, соңғы бес жылдағы сауда балансы да ең жоғары мәнге жетті. 

КРИПТОВАЛЮТА ҚҰНСЫЗДАНДЫ

Криптовалюталардың жалпы нарықтық құны 1 триллион доллардан төмендеді. Мұндай жағдай 2021 жылдың қаңтарынан бері болмаған. Негізгі және ең танымал криптовалюталар 10%-ке дейін құнсызданды.  Bitcoin 24 мың долларға дейін төмендеді. Ал Ethereum 1,2 мың долларға жақындады. Айта кетейік, былтыр қарашада криптовалюталардың жалпы нарықтық құны 2 трлн 800 миллиард доллар болған.

Сондай-ақ...