Қазақстан бидай мен ұн экспортына квотаны 30 қыркүйекке дейін ұзартады

Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешімге келді. 

Бұл еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған делінген хабарламада. Үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне 550 мың тонна көлемінде бидай мен зәйтүн, ұнды 370 мың тоннаға дейін экспортын шектейді. Министрлік ауыл шаруашылығы өнімдерін квоталау механизмін бекіту шараларын қабылдап жатыр. 15 маусымға дейін Қазақстаннан 1 миллион тонна бидай мен 300 мың тонна ұнды сыртқа шығаруға квота енгізілген. Қазақстанның Астық одағының соңғы мәліметіне сәйкес, бидайға арналған квотаның жартысы ұн бойынша 87 проценті игерілді.