Әлемдік экономика дағдарысқа ұшырайды – сарапшылар болжамы

Қазір дүниежүзінде инфляция шарықтап, экономикалық өсім баяулады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Америкалық «Citigroup» банкінің шолуы бойынша бұл жұмыссыздық деңгейінің өсіп, ЖІӨ-нің төмендеуіне әкеледі екен. Бірақ бұл шолу валюта нарығындағы жағдай жайлы. Ал теңгемен не болатынына арна тілшісі кеңірек тоқталды.

Теңгенің өз бағыты бар. Шолып айтты ма, шағып айтты ма белгісіз, бірақ Ұлттық валюта бағамы жайлы отандық экономистер осылай деді. Өйткені теңге бір қарағанға қолайлы факторлар кезінде де әлсіреді. Мысалы, мұнай бағасы көтерілген кезде теңге әлсіреді. Мамандарды ресейлік рубльдің құбылуы да алаңдатты. Мысалы, сәрсенбіде ол 2015 жылдан бергі ең төменгі деңгейге дейін түсіп, долларға қатысты 3%-ке нығайды. Осы кезеңде біздің валютаның бағамы бір доллар үшін 456 теңге болды. «Тенгеномика» телеграм арнасының авторы Ғалымжан Айтқазин мұндай жағдайда теңге мен рубль арасындағы кросс-курстың әлсіреуі жалғасып жатқанын атап өтті.

Еске салайық, Форекс биржасында, ол рубльға шаққанда 4,5% -ке көтеріліп, бір рубль 9 теңгеге дейін өсті. Бірақ экономист Меруерт Махмутованың сөзінше, рубльдің бұлай өсуі уақытша.

Меруерт Махмутова, экономист:

– Рубльдің нығаюы өте алдамшы жағдай. Себебі іс жүзінде қазір еркін конвертация жоқ. Ресейдің орталық банкі белгілеген курс бұл Путиннің көргісі келетін сандары. Бірақ ол рубльдің нақты жағдайын көрсетпейді. Сондықтан рубль нығайып жатыр деген оймен бізде де теңге нығайды. Ал шын мәнінде кедендік шектеулер болмағандықтан, рубль қолма-қол ақша түрінде Қазақстанға ағылды.  Енді орталық банк пен коммерциялық банктердің өзі «бізде қолма-қол рубльдің артық» екенін айтып, дабыл қағуда. Сондықтанменің ойымша, доллардың рубльді айырбастап, доллар сатып алатын ресейлік клиенттерді ығыстыру әрекеті.

Ал енді сауда қатынастарына тоқталсақ. 2021 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 18 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл алдыңғы жылдан 15%-ке жоғары. Былтыр Қазақстаннан Қытайға экспорт 4,8%-ке өсіп, 9,9 млрд АҚШ доллара жетті. Экспорттың өсуі кей тауарларды жеткізудің көлемінің ұлғаюымен байланысты. Соның ішінде шикі мұнай экспорты 55%-ке, мыс кендері мен концентраттары 27%, өңделмеген мырыш 13%-ке, титан және одан жасалған бұйымдардың экспорты 86%-ке өскен. Ал газ бен уран экспорты керісінше азайған. 2021 жылы Қытайдан Қазақстанға келетін импорт 30,5% -ке өсіп, 8,3 млрд. АҚШ доларын құрады деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігіне қарасты «QazTrade» ұйымы.

Айта кетейік бүгін құрамына бес мемлекет кіретін БРИКС бірлестігінің кезекті отырысы болады. Қытай президенті Си Цзиньпин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты осы отырысқа қатысуға шақырды. Біздің Президент алқалы жиынға онлай форматта қатысады деп жоспарланған. Жалпы БРИКС бұл 2006 жылы құрылған саяси экономикалық бірлестік. Оған Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Үндістан, Бразиялия, Оңтүстік Африка кіреді.

Бауыржан Керімқұлов, ҚР СІМ көпжақты ынтымақтастық департаментіні директорының орынбасары:

– Оның негізгі мақсаты сол экономикалық саясат жөніндегі инветсицияларды тарту, инвестицияларды салу бір-бірімен қатынастарды орнату. Жалпы халықтың 40%-і және ВВП дейміз 30%-і сол БРИКС-тің құрамына кіретін мемлекеттер құрайды. Қазақстан сияқты дамушы елдердің, экономикалық қатынастарды, транзиттік транспорттық патенциялды, инвестицияларды өсіру. Сол жағын БРИКС ұйымы едәуір қызығушылық танытады.

БРИКС-ке кіретін мемлекеттер экономикасы тез дамып келе жатқан аймақтар ретінде бағаланды. Бірақ әлемдегі геосаяси жағдайлар бұл елдердің экономикалық даму қарқынына түбегейлі әсер етті – дейді сарапшылар. Биыл БРИКС бірлестігіне Қытай төрағалық етеді. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отырысқа қатысуға шақырту алуы бекер емес.

Бауыржан Керімқұлов, ҚР СІМ көпжақты ынтымақтастық департаментіні директорының орынбасары:

– Бұл шақыру біздің пайымдауымызша, Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің бағасы ретінде, сондай-ақ біздің Қазақстанның көпжақты сыртқы саясаттың, біздің өңірдегі ғана емес халықаралық сахнасындағы белсенді рөлдің белгісі деп санаймыз.