476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елде тауар айналымы төрт есе кеміген

  • 484
  • UPD: 09:54, 27.06.2022

Қазақстан мен Иран өзара тауар айналымын 3 миллиард долларға жеткізуге ниетті. Осы мақсатта бірнеше бірлескен жоба жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан Иранға тауардың 100-ден астам түрін сатуға мүмкіндігі бар. Ең бастысы бидай. Былтыр Қазақстан мен Иран 440 миллион долларға сауда жасады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 еседей көп. Биылғы қарқын да жаман емес. Қаңтар мен сәуір аралығында екі елдің өзара тауар айналымы 253,2 миллион долларға жетті. Оны еселей түсуге екі елдің де әлеуеті жетеді. Мәселен, 2014 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы алыс-беріс 1 миллион доллар болған. Санкциялар мен пандемия кесірінен ол күрт төмендеп кеткен. Жүк тасымалдау үшін Құрлықта Қазақстан – Түркіменстан – Иран темір жол желісі бар. Ал теңізде Ақтау – Бандар Аббас порты жұмыс істеп тұр. Қаңтар мен сәуір аралығында осы шойын жолмен 500 мың тоннадай жүк тасымалданды. Каспий теңізі арқылы 589 мың тонна тауар жеткізілді. Иран нарығына негізінен астық пен азық-түлік өнімдері жеткізіледі. Ал бұл елден көкөніс пен жемістер импортталады. Бүгінде 70-тен астам қазақстандық кәсіпорын Иран нарығына тауар жөнелтіп отыр. Өндірісті сол жерден ашуға ниеттілер де бар.

Ақмарал Әбенова, инвестициялық компанияның директоры:

Науат шығаратын жергілікті зауытқа инвестиция салуға ниеттіміз. Осылайша аз шығынмен 80 миллион халқы бар үлкен нарыққа кіреміз. Кейін өндіріс ауқымын кеңейтіп, ұн өңдейтін зауыт саламыз деген стратегиялық жоспарымыз бар. Шикізатты Қазақстаннан аламыз және мұнда өңделген өнім Қазақстан брендімен шығады. Оны Иран нарығына немесе Парсы шығанағы арқылы өзге елдерге де экспорттауға мүмкіндік мол.

ИРАНҒА 1 МЛН ТОННА АСТЫҚ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

Қазақстан Иранға 1 миллион тонна астық жеткізеді. Екі елдің ауыл шаруашылығы министрлері осындай келісім жасады. Өнім биыл және келер жылғы жиын-терімнен алынады. Жалпы екі мемлекеттің арасындағы сауданың 50 проценттейі ауыл шаруашылығы тауарларының үлесінде. Биыл қаңтар мен наурыз аралығында осы саладағы тауар айналым 167 жарым миллион АҚШ долларын құрады. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45 процентке көп. Қазақстан Парсы еліне 135,7 миллион долларға тауар экспорттап, 31,8 миллионға импорттады. Санкцияға байланысты Иран банктері своп жүйесінен ажыратылған. Кәсіпкерлер бұл кедергіні айырбас әдісімен айналып өтуге мәжбүр.

Қайрат Төребаев, ҚР сауда және интеграция вице-министрі:

– Иранға экспорттайтын 100-ге жуық тауар тізбегі бар. Көбінесе ауылшаруашылық тауарлары. Бірақ бір үлкен мәселе төлемдер. Өйткені екі мемлекет арасында төлемдер қиындап кетті. Сол мәселені шешетін болсақ, тауар айналымы күрт өсетінін көріп жатырмыз. Бірақ бартер арқылы бұл мәселені шешуге болады. Мысалы, біз 200 миллион долларға тауар жіберсек, сол жақтан 200 млн долларға тауар әкелуге болады.

МҰНАЙ ӨНДІРІСІ АЗАЙДЫ

Қазақстан мұнай өндірісін азайтып жатыр. Жыл басында тәулігіне 240 мың тонна қара алтын өндіретін. Тіпті наурызда 255 мың тоннаға жеткен еді. Алайда маусымда Каспий құбыр желісі консорциумында тексеру басталғалы өндіріс күн сайын қысқарып жатыр. 25 маусымда бақылау жұмыстары аяқталуға тиіс болатын. Алайда тағы 10 күнге ұзартылды. Ресей энергетика министрлігінің мәліметіне қарағанда қазақстандық қара алтынның көлемі сәл азайды. Десе де сұраныс бойынша жөнелтіліп жатыр. Ал Қазақстанның энергетика министрлігі өз жоспарында биыл өндірілетін қара алтын көлемін миллион 800 мың тоннаға азайтқан. Enerdgy analytics телеграм каналының афторы Абзал Нарымбетовтың айтуынша қазіргі жағдай ұзақ сақталатын болса, жылдық жоспарды тағы да азайтуға тура келеді.

Айта кету керек, әлемде қара алтынның қымбат болуына байланысты биыл бес айда мұнай саудасынан ұлттық қорға 2 триллион 900 миллиард теңге түсті. Өткен бір жылғы көрсеткіштен 300 миллиардқа көп. Сондай-ақ мұнай экспортының кеден салығынан мемлекет қазынасына 719 миллиард теңге түскен. Бүгін әлемдік нарықта брент маркалы мұнай 109 доллар шамасында WTI маркасы 107 доллардан саудаланып жатыр.

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДА ӘУЕ РЕЙСТЕРІ АШЫЛАДЫ

1 шілдеден бастап Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстері қайта жанданады. Бірақ талап қатал. Қытайға аттанатын адам 10 күн бойы өзін оқшаулап, денсаулығын бақылайды және кепіл хатқа қол қояды. Сондай-ақ екі рет ПТР-тест тапсыруы керек. Біреуі ұшаққа мінуге 48 сағат қалғанда, екіншісі 24 сағат қалғанда тапсырылуы тиіс. Кез келген зертханада емес, Қытайдың Бас консулдығы мақұлдаған екі зертхана бар соның біріне бару қажет. Бұған қоса, ұшуға 12 сағат қалғанда антиденеге қосымша тест талап етіледі. Мұның барлығы ұшаққа мінер кезде жіті тексерілмек.

Хабар 24 телеарнасы