476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстан ОА мен шығыс елдері үшін азық-түлік фабрикасы бола алады – Баталов

  • 547
  • UPD: 15:17, 28.06.2022

Қазақстан Орталық Азия мен шығыс елдері үшін азық-түлік фабрикасы бола алады. Атамекен кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов Astana Finance Days халықаралық конференциясында осындай пікір білдірді. Елордада жыл сайын ұйымдастырылатын жиынға биыл 27 елдің өкілі қатысып жатыр. 

Іскер топ өкілдерінің болжамы бойынша әлемде жағдай осылай жалғаса берсе, азық-түліктің қымбаттағаны былай тұрсын, мүлде таппай қалуымыз мүмкін екен. Сондықтан тағам қауіпсіздігі басты назарға шығуы керек дейді. 

2 миллиардтай адам аш қалуы мүмкін  

Ахмет Байтұрсын атамыз айтқан аққу, шортан һәм шаян саясаттан арылмаса әлемде іс алға баспайды. Ілгерілемек былай тұрсын кейін кетуі мүмкін. Болжам бойынша егер геосаясатта жағдай түзелмесе алдағы жылдары жер бетінде 2 миллиардтай адам аштық азабын тартады. Өйткені Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс басталғаннан бері 20 шақты мемлекет өз қауіпсіздігі үшін кей тауар түрлерінің экспортына шектеу енгізген. Бұл тізбекке қосылып жатқандар аз емес. Сәйкесінше тасымал тізбегі бұзылып, тапшылық туындады. Баға көтерілді. Осы тұста Қазақстан бар мүмкіндігін тиімді пайдалану керек. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға күш салып, экспорт көлемі мен географиясын үлкейтуі тиіс.  

Сэр Сума Чакрабарти, Президенттің экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі:

- Дүниежүзілік банктің мәліметіне қарағанда биыл төрт айда дамушы елдердің 90 процентінеде азық түлік инфляциясы орташа 5 проценттен асты. Кейбірінде 10 процент. Тіпті одан жоғары. Бұл тіренд алдағы бірнеше айға созылуы мүмкін және табысы төмен мемлекеттердің теңселтіп кетуі ғажап емес. Өйткені олар қордағы қаржысын азық-түлікке жұмсауға мәжбүр болады. Сондықтан әлем елдері ынтымақты арттырып технологиянға бет бұруы керек.  

Технология қолдансаң қамба толады  

Әлемде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір жолы технологияны тиімді пайдалану. Шағын және орта бизнес өндірісте тың технологияны қолдануға бет бұруы керек. Ол үшін салаға инвестиция салған абзал. Мемлекеттік көмек ірі шаруашылықтармен қатар шағын фермерлерге қолжетімді болуы шарт. Халықаралық конференцияға келген сарапшылар осындай пікір білдірді. Әсіресе агоөнеркәсіп кешеніне цифрлық технологияны тиімді қолдану қажет. Тың тәсілдер дәнді егу, өсіру жинау, сақтау тіпті тасымал саласына да оң әсерін тигізеді. Сонда ғана азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.

Порнчай Данвиват, CICA Азиямен ынтымақтастық орнату бойынша Бас хатшысы:

- Тайландтан келдім. Біз әлемнің бірнеше еліне азық-түлік экспортаймыз. Бірақ пандемиядан кейін жағдай қиындап қалды. Десе де, агроөнеркәсіп кешеніне цифрлық технологияны қолдану өнімді 2-3 есе көп алуға сеп болатынын естен шығармау керек. Сондықтан дамыған елдер үздік технологиямен бөліскені абзал. Қазақстан бұл бағытта қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз.

 

Хабар 24 телеарнасы