Қытай қымбатшылыққа дайындалып жатыр

Қытай мұнайдың бағасы өседі деп дайындалып жатыр.

Қытай билігі елдің мұнай өңдеу кәсіпорындарын субсидиялайды. Егер мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 130 доллардан асатын болса, ішкі нарықтағы жанармай бағасының өсуін екі айға тоқтата тұрады. Сарапшылардың сөзінше, бұл механизм ел экономикасына тұрақтылыққа кепілдік береді. 

«Белдеу және Жол» бастамасымен Инвестициялық кеңес  құрылды. Ол консультациялық комитет ретінде жұмыс атқарады. BRI Инвестициялық кеңесінің миссиясы Қазақстан экономикасының дамуына қолдау көрсету, жеделдету және әртараптандыру. Мұны «Астана» халықаралық қаржы орталығы хабарлады. Қазірдің өзінде бірнеше ұйым кеңеске кіруге ниет білдірген. Олар АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры, Қытай халықаралық капитал корпорациясы, Самұрық-Қазына инвест және басқалары. Қаржы орталығының басқарушысы директоры  Қайрат Келімбетовтың айтуынша: «Қазақстан мен Қытай арасындағы қаржылық және инвестициялық ынтымақтастық Қазақстанның өнеркәсіптік секторлары мен Қытайдың инвестициялық және қаржы секторлары арасындағы өзара түсіністікке, тиімді байланыстарға және ақпарат алмасуға ықпал етуді жалғастырып, өзінің зор әлеуетін сақтап отыр».

Жаңа жобалар қолға алынды

Astana  Finance Days 2022 форумы аясында қаржылық сектордағы жаңалықтар көп болды. Нарық қатысушыларына жаңа инвестициялық қорлар таныстырылды.  Соның ішінде дүниежүзіндегі ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі «Шеврон» өзінің ұйымдарын паш етті.  Энергетика министрлігі мен осы компания арасында 248 млн доллар капиталы бар инвестициялық қор құру туралы меморандум жасалды. Енді ол түрлі саладағы жобаларды қаржыландыру мәселесін қарастырып жатыр. Жеке компания қордың тікелей инфвестиция принципімен жұмыс істейді. Ол Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген. 

Жанар Гелимова, инвестициялық менеджер:

- Қор бірінші кезекте мұнай газ саласына инвестиция құяды. Екінші - қоршаған ортаны қорғау жобалары, ІТ және цифрландыруға арналған жобалар. Алайда қазір экономиканы әртараптандыру керек деген пікірлер бар. Біз онымен толық келісеміз және Қазақстан индустриясының басқа салаларындағы жобаларды қаржыландыруға дайынбыз.  

Халық көміртегі көп тағамдарды тұтынады 

Былтыр ел азаматтары күініне құнарлығы 3 мың калория тамақ тұтынған.  Бұл алдыңғы жылға қарағанда 9%-ке төмен. Үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу деректері бойынша ауыл халқы құнарлы азық-түлік тұтынады. Орта есеппен күніне 3200 ккал, ал қалалық жерде  3000 ккал. Еліміздің барлық өңірлерінде халық тұтынған тамақ өнімдерінің нақты энергетикалық құндылығы қажет мөлшерден асатынын атап өткен жөн. Осылайша, Павлодар, Алматы облыстарында халық құнарлы тамақ жейді. Онда бір күндік көрсеткіш жан басына шаққанда 3400 каллориядан асады. Ал Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары калориясы аз тағамдарды тұтынатыны анықталды. Екі жарым мың ккал-дан асады. Халық тұтынған тамақ өнімдерінің құрамына келсек, онда көмірсулардың үлесі басым  53%. Ал тәулігіне тұтынылған тамақтағы майлардың үлесі 33%, ақуыздардікі 13% деп хабарлайды naryk.kz 

ОПЕК+ қандай шешім қабылдайды?

ОПЕК+ жақын арада мұнай өндірісі көлемін арттыруы екіталай. Мұны ОПЕК+ отырысының аралық нәтижелерін жариялан Reuters агенттігі жазды. Маусымның басындағы кездесуде ОПЕК+ үш ай сайынғы өндірісті тәулігіне 648 мың баррельге ұлғайтамыз деп шешкен.  Бұл шілде мен тамыз айларына қатысты айтылды. Бұған дейін картель қара алтын көлемі өндірісін 432 мың баррелге ұлғайтамыз деген еді.  "Франция президенті Эмануэль Макрон айтқандай БАӘ мен Сауд Арабиясының мұнай өндірісі шектеулі ме әлде ОПЕК+ мүшелері тағы бір рет тәуекелге барғысы келмей ме белгісіз. Бірақ ОПЕК+ қалыптасқан жағдайдан пайда көреді және оның әрекеттері нарықты тұрақтандырады",- дейді сарапшылар.

Сондай-ақ...