Каспий құбыр консорциумының тоқтауы елдің валюта нарығына да кері әсер етуі мүмкін

Себебі экспорттың жетпіс проценті мұнайға тәуелді. Ол тоқтаса, елге келетін АҚШ валютасының да көлемі азаяды. Тақырыпты әріптесім Талғатбек Әбдіқожа жалғайды. Талғатбек теңге тағы әлсіреуі мүмкін бе? Валюта бағамына қатысты түрлі болжам бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылардың айтуынша, дәл қазір доллар немесе рубль аламын деп даурығудың қажеті жоқ. Себебі бұл ішкі нарықта негізсіз сұранысты арттырып, валюта бағамын шынайы құнынан көтеріп жібереді. Сондықтан салқынқанды болған абзал. 

Кеше бір күнде АҚШ доллары төл валютамызға шаққанда 9 теңгеге қымбаттады. Осылайша ақша айырбастау бөлімшелерінде американың бір көк қағазы 478 теңге шамасында саудаланды. Ал ұлттық банктің ресми бағамы бойынша доллар 469 теңгеге тең. Сарапшылардың пайымынша, Каспий құбыр консорциумының тоқтауы валюта бағамына өз әсерін тигізеді. Өйткені Қазақстан экспортының 70 проценті қара алтынның үлесінде. Оның үстіне, бюджет түсімдерінің 50 проценті мұнайдан келеді. Қарапайым тілмен айтқанда егер мұнай экспорты тоқтаса Қазақстанға келетін шетел валютасы азаяды. Оның үстіне АҚШ-тың федералды қор жүйесі базалық ставканы тағы көтереді деген болжам бар. Маусымда 0,75 процентке көбейткен болатын. Шілдеде сондай шешім қабылданатын болса, дамушы елдердегі инвесторлар өз қаржысын АҚШ нарығына алып кетуі мүмкін. Ішкі нарықта тапшылық туындап құны өседі. Сарапшы Мақсат Халық аса қажеттілік болмаса долларға жүгіріп дүрлігудің қажет жоқ дейді.

Мақсат Халық, сарапшы:

- Тұрғындарға беретін кеңес, бүкіл қаражатыңызды бір валютада ұстамаңыз. Көп азаматтар қазір доллар күшейіп жатыр деп долларды сатып алуға қарай жүгіреді. Бұл одан әрі валюта нарығында спеклятивті жағдайды күшеітп, доллардың бағамы шынайы бағасынан алыстап кетеді. Өзіміздің қолымыздане өзіміздің теңгемізді әлсіретпейік деп айтқым келеді. Долларды шетелге демалуға баратындар амалсыз алады. Шетелде баласын оқытатын азаматтар алады. Шетелден тауар сатып алғысы келетін азаматтар алады. Ал басқа жағдайда доллар ұстаудың маңыздылығы қанша?

РУБЛЬ АРЗАНДАП КЕЛЕДІ

Көрші Ресей валютасы теңгеге шаққанда төмендеп келеді. Маусымның аяғында бір рубль 9 теңгеге дейін барған еді. Бүгінде 7 теңгеден сәл асады. Сарапшылардың айтуынша, көрші ел өз валютасының нығаюында саяси астар болуы мүмкін. Өйткені Ресей қазір көптеген елден тауар импорттай алмайды. Ал Қазақстан нарығы ашық. Сондықтан рубльдің құнын көтеру арқылы өз азаматтарына Қазақстандық тауарды қолжетімді етіп отыр.

Мақсат Халық, сарапшы:

- Егер рубль осындай құнды болып тұратын болса біздің тауарларымыз ресей үшін әлдеқайда арзан болды. Қазақстан үшін ол тиімсіз. Біздің ресейге тауар сатып жатқан кәсіпкерерлер үшін ғана тиімді. Өткен жылғы статистикаға қарасақ 24 млрд доллардың көлемінде екі жақты тауар айналым жасаған. Ресейге сатқанымыз 6 млрд доллардың көлемінде ғана, сатып алғанымыз 18 млрд,  үш есе көп. Осы тұрғыдан қарағанда тағы да пайдасынан көрі зияны көп.

ҚАЗАҚСТАНДА ГАЗ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

Елдің бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газына шекті бағаларды жариялады. Оған сәйкес, елордада май құю бекеттерінде көгілдір отынның бір литрі 70 теңге, Алматыда – 65, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарынада 50-55 теңгеден аспауы тиіс. Өзге төңірлерде де 75 теңгеден қымбат болмайды. Шекті баға келер жылдың бірінші қаңтарына дейін енгізілді. Сарапшы Рашид Жақсылықовтың айтуынша, мемлекеттің газға шекті баға енгізуі нарық заңына қайшы. Мәселені кешенді түрде шешу керек.

Рашид Жақсылықов, Мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы:

- Халыққа жақсы істеймін деп өндірісті өлтіріп алмау амалын да жасау керек. Сіз нан шығаратын болсаңыз, сздің өнген құныңыз 110 теңге болса, өкімет ссізге 80 теңгеге сат десе сіз 30 теңгені қайдан толтырасыз? Өкімет сізге тек сол 30 теңгені беріп отырса сіздің компанияның  дамуына, мамандарды оқытуға жаңа технологияны енгізуге ғылыммен бірдей қадам басуға мүмкіндігіңіз бола ма? Сіз тек қана күнделікті өз наныңызды табыс алып қаласыз. Сондықтан бұл халыққа әділетті шешім болғанымен өндіріске әділетсіз шешім.

Мемлекет нарық заңына толық көшпесе мұндай мәселе үнемі туындайды. Оның үстіне, инвесторлардың да қызығушылығын төмендетіп саланың дамуын кенжелетіп тастауы мүмкін.

Рашид Жақсылықов, Мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы:

- Бізде екі баға. Бұл нонсенс. Дүние жүзінде мұндай жоқ. Ішкі нарыққа мұнайды 18-25 доллармен бересің, сыртқы нарық бүгінгі 100 доллар. Оған қай инвестор өз мұнайын 18-25 доллрмен береді. Халыққа жақсылық жасаймыз деп өндірісті өлтіріп отырмыз. Жақсы халық бір жыл арзан газ алады. бір жылдан кейін мүлде алмай қалады ғой өндіріс өліп қалса. Инвестор кетіп қалса. Сондықтан түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.