Келер жылы бюджет 200 млрд теңгеге толығуы мүмкін

Қазба байлық өндірушілерге салықты арттыру арқылы бюджетті байытуға болады. Салық және кеден саясаты департаменті өкілдерінің айтуынша, келер жылы ел қазынасы қосымша 200 миллиард теңгемен толығуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бюджеттік түсім әлемдік метал бағасына байланысы болады. Жалпы елде қатты пайдалы қазбаларды өндіретін 300-ден астам компания бар. Олар қазба байлықтарын өндіргені үшін 300-350 миллиард теңге шамасында салық төлейді. Ал келер жылы іске қосылатын салықтық өзгерістер қазынаға қосымша 200 миллиард теңге әкелуі тиіс. Кәсіпорындар өндіріс көлеміне және металдың түріне қарай салық төлейді. Ал салаға инвестициялық тартымдылықты сақтау үшін жаңа кен орындарына салық төлемдері бойынша біраз жеңілдік қарастырылған.

Нұрлыбек Шаймаханов, салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары:

– 2023 жылдан бастап игерілетін кен орындарына жеңілдік көзделген. Яғни бес жылға дейін өндіріс салығынан және де 15% рентабельдікке жеткенге дейін босатылады. Бірақ 5 жылдан артық емес. Егер 15 проценттен асып кетсе, онда төлейтін болады рентабельность. Бұл жаңа кен орындарына қатысты.

Еске салайық, 11 шілде күні Президент салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл заң тікелей бюджет түсімдеріне әсер етеді.

БИРЖАЛЫҚ МЕТАЛДАРҒА САЛЫҚ 50% ӨСЕДІ

Келер жылдан бастап Қазақстанда жерасты қазба байлықтарына салық көбейеді. Бір жағынан бұл нарықтағы өзгерістерге сай талап болса, екінші жағынан бюджеттік түсімді арттыру амалы. Салық және кеден саясаты департаментінің мәліметінше, соңғы жылдары метал бүкіл әлемде қымбаттады. Бірақ бізде оған салынатын салық көлемі өзгерген жоқ. Осы орайда елімізде заң талаптары қайта қаралды. Мамандар инвестициялық ахуалды ескере келе, салықты өсіру жолдарын қарастырды. Талдау нәтижесінде биржалық және биржалық емес металдарға әртүрлі мөлшерде салық өсетін болды.

Нұрлыбек Шаймаханов, салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары:

Биржада саудаланатын металдар бойынша алтын күміс, платина. Сондай металдар бойынша салық мөлшерлемесі 50%-ке көбейтілді. 01:50 биржада саудаланбайтын тауарлар бар. олар бойынша 30%-ке, бағасының өсімі 20-30 процент мөлшерінде. Соған сәйкес 30 процент мөлшерінде салық мөлшерлемесі көбейтілді. Яғни бұл біздің жер асты қазба байлықтарынан алатын түсімімізді көбейтеді. Мына өзгерістерден кейін қосымша 200 миллиард шамасында 2023 жылдан бастап қосымша табыс түсу керек.

КІРІСІН ЖАСЫРҒАНДАР ҚАЛАЙ ЖАЗАЛАНАДЫ?

Жалпыға бірдей декларацияны тапсырмаған азаматтар қалай жазаланады? Мемлекеттік кірістер комитеті осы мәселені түсіндірді. Кірісі мен мүлкі жайлы толық ақпарат бермегендер әкімшілік кодекске сай жазаланады. Алдымен салық органдары ескерту жасайды. Ол «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 272-бабы. Ескертуден кейін жеке тұлға бір жыл ішінде қайтадан талаптарды бұзып, декларацияны дұрыс тапсырмаса, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Бүгінде бұл 45 945 теңге. Ал егер азамат салық салынатын нысанды объектіні жасырса, сол нысан төлеуге тиіс салықтың 200 проценті мөлешерінде айыппұл төлейді. Кірістер мен мүлік туралы декларация қағаз түрінде 15 шілдеге дейін, ал электрондық түрде 15 қыркүйекке дейін тапсырылуы тиіс. 

ҚТЖ НАРЫҚҚА КУПОНДАР ШЫҒАРДЫ

«Қазақстан темір жолы» отандық қор биржасында купондық облигацияларды орналастырмақ. Компания KASE-де 150 миллиард теңгенің бағалы қағаздарын шығарады. Бір облигация 1000 теңгеден басталалып, екі жылға дейін есептеледі. Бұл Қазақстан қор биржасына эмитенттен шығарылған алғашқы купон. ҚТЖ-ның қаржы жөніндегі басқарушы директоры Даир Көшеров бұл компанияның ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру мақсатында жасалғанын хабарлады. Қазір компания борышы шамамен 1,9 трлн теңге. Оның 33%-і валюталық міндеттемелер. Атап айтқанда қарыз доллармен, евромен және швейцарлық Франкпен.

Даир Көшеров, ҚТЖ-ның қаржы жөніндегі басқарушы директоры:

– Наурызда меншікті және тартылған қаражат есебінен біз ресейлік еншілес ВТБ (Қазақстан) банкіндегі 19,4 млрд кредитті және Қазақстанның Сбербанкіндегі шағын қарызды жаптық. Сондай-ақ 168 мың швейцариялық франкін төледік. Тартылған қаражат Halyk Bank-тің несиемен бізге берген ақшасы. Алдағы уақытта облигацияларды орналастыру арқылы осы Halyk Bank алдындағы міндеттемелерді жабуды жоспарлап отырмыз.