Келер жылдан бастап елде криптовалюта өндірісіне салық өседі

Келер жылдан бастап елде криптовалюта өндірісіне салық өседі Тиісті заңға бірер күн бұрын президент Қасым Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл осы саладағы фермерлерге қалай әсер етеді? Тақырыпты Іскер ньюс айдарында әріптесім Талғатбек Әбдіқожа жалғайды.

Биткойн жасап жүргендерге бұл өзгеріс ұнай қоймады әрине. Сондықтан бірқатары жұмысын тоқтатып, елден кетеді деген болжамдар бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кембридж университетінің мәліметіне қарағанда, былтыр криптовалюта өндіруден Қазақстан әлемде екінші орынға шықты. Бұл дүмпу елде электр қуатына сұранысты күрт көбейтіп, станциялардың жүктемесі артып кетті. Тіпті, тапшылық туындады. Осыдан кейін билік шұғыл шара қабылдады. Сөйтіп биыл бірінші қаңтардан бастап цифрлық маинингке кеткен бір киловат электр энергиясы үшін бір теңге салық енгізді. Алайда мұның өзі жағдайды реттеуге жеткіліксіз болса керек. Экономика министрлігінің мәліметіне қарағанда келер жылдан бастап электр энергиясы мен салық құнын қосқанда маинерлер 26 теңге төлеуге міндеттейиін заң қабылданды.

Нұрлыбек Шаймаханов, ҚР ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары:

- Майнингтік төлем мөлшерлемесін қайта қарау бойынша жұмыс жүргізілді. бір ғана мөлшерлеме емес ол жерде әр түрлі мөлшерлемелер. Олар электр энергиясының бағасына байланысты әр түрлі болады. Мәселен ЭЭ неғұрлым арзан болса майнингтік төлем мөлшері жоғары болады. ЭЭ құны 5 теңге болса төлем 21 теңге болады. Немесе ЭЭ құны 21 теңге болса төлем 5 теңге болады. Майнер ЭЭ мен төлеген салығын қосқан кезде барлығында 26 теңге шығу керек.

МАЙНЕРЛЕР ЕЛДЕН КЕТУІ МҮМКІН

Криптовалюта өндірісіне салықты көбейту маинингтік фермалардың елден кетуіне әсер етеді. Қазақстан блокчейн-технологиялар қауымдастығының басқарма төрағасы Сапар Ахметов осындай пікірде. Оның айтуынша, елде майнингтік компаниялардың үш қауымдастығы бар. Өзі төрағалық ететін бірлестікте  оншақты компания тіркелген. Дәл қазір соның үшеуі жұмысын тоқтатты. Екеуі толық қуатта жұмыс істеп тұрған жоқ. Кейбірі электр қуатын көрші Ресейден импорттап, өнім шығарып жатыр. Оның үстіне, кейінгі кезде крипто нарық құбылып тұр. Мәселен қазір биткойнның құны 19 мың долларға дейін төмендеді. Цифрлы ақша 10 мыңға дейін арзандауы мүмкін деген болжам бар.

Сапар Ахметов, Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының басқарма төрағасы:

- Бұрын 15 теңгеден 20 теңгеге дейін киловатына айналатын болса салықты қоса есептегенде, қазір кем дегенде 26 теңге киловатына айналып отыр. Ол деген өте биік баға. Сондықтан да биыл жұмыс істеуге мүмкіндік болады. Келесі жылдан менің ойымша криптовалюта саласына әсіресе цифрлық майнингқа ол өте қиын тиіп жатыр. Сондықтан да біздің көптеген кәсіпорындар, маининг компаниялар шетелге кетіп жатыр.

КРИПТОВАЛЮТА АХҚО БИРЖАСЫНДА САУДАЛАНУЫ МҮМКІН

Биыл үш айда майнерлер Қазақстан бюджетіне 652 миллион теңге салық төледі. Қаржы елдің 12 өңірінен түскен. Яғни саланы дамытса мемлекетке пайда бар. Блокчейн-технологиялар қауымдастығы басшысының айтуынша елде криптовалютаны сату жүйесі реттелмеген. Яғни майнерлер цифрлық ақшасын теңге немесе долларға айырбастау үшін халықаралық компаниялардың көмегіне жүгініп, күрделі операцияларды орындайды. Қазір «Астана» халықаралық қаржы орталығы» өз биржасында биткойн саудалау бойынша бірнеше жобаны сынақтан өткізіп жатыр. Егер жүзеге асса, майнерлер үшін де мемлекет үшін де тиімді болмақ. Сонда үкімет елден қанша криптовалюта шығарылып жатқанын бақылауға мүмкіндік алады. Бұдан бөлек, майнингтік компаниялар арқылы елде ай-ти технология дамытып, жасыл энергияны жетілдіру жолдары да бар.

- Егер де ол өзінің жасыл энергияға инвестиция салатын болса жел немесе күннің көзінен электр алатын болса, онда салықтан босататын болса онда ол да бір мүмкіндік болар еді. Егер де префыеренциялар берілетін болса маинингтік компаниялар сондай қондырғыларды салар еді және артылған энергияны көрші ауылдарға немесе басқа ұжымдарға беруге мүмкіндік болар еді. Бірақ өкінішке орай ондай жағдай жоқ. 50-60 жыл бұрын салынған электр орталықтары. Оны жаңарту керек, оған инвестиция тарту керек. Оған осы жаңа жаңа бизнестің жаңа мүмкіндіктерін пайдалануға болар еді.