Елімізде егіске қажет тыңайтқыштың небәрі 15%-і себіледі

Елде егіс алқабына қажетті тыңайтқыштың тек 14-15 проценті ғана себіледі. Осының кесірінен өнімді де өз дәрежесінде ала алмай отырмыз. Тақырыпты іскер ньюс айдарында тарқатамыз. Ақпаратқа қарағанда егер тыңайтқышты ғылыми есептелген мөлшерде себетін болсақ, өнімді екі еседей көп алуға болады ғой. Осылай жасауға қандай кедергі бар?

Ең бірінші кедергі тыңайтқыштың тапшылығы және бағасының қымбат болуы. Оған әркімнің қолы жете бермейді. 

Минералды тыңайтқыш тапшы

Кейінгі бір-екі жылда әлемде тыңайтқыштың бағасы шарықтап кетті. Сәйкесінше біздің елде құны 2-3 есе қымбаттады. Бұл онсызда минералды қоспаны тиісті мөлшерден аз сеуіп отырған шаруаларды тығырыққа тіреді. Ресми мәлімет бойынша биыл қазақстандық дихандар 23,1 миллион гектар жерге егін салды. Оған шамен 690 мың тоннадай түрлі тыңайтқыш себілуі керек болатын. Оның бағасының бір бөлігін субсидиялап, шаруаларға қолдау көрсету үшін жергілікті атқарушы органдардан 30 миллиард теңгедей қаржы бөлінген. Алайда бұл дихандарға дер кезінде тиісті мөлшерде жетпей жатыр. 

Еркебұлан Жолдасов, кәсіпкер:

- 2021 жылы сульфат амонния алынды 67 теңгеден, соның 33 теңгесі қайтарылған. Биылғы жылы сулфать аммонийдің бағасы 220-230 теңге дейін қымбаттады. Соның әлі субсидиясы берілген жоқ және қаншадан берілетіні белгісіз әлі. Былтырғы положениемен 33 теңгемен қалып кеткен дейді. Біреулер айтады 50 теңгеден беріледі дейді. Шаруаларға 220 теңгеден алған удобрение енді 50 теңдеген болса да шығынын жаппайды. 

Тыңайтқышқа субсидия беру тоқтатылуы мүмкін

Алдағы уақытта тыңайтқышқа субсидияны мүлде алып тастауы мүмкін. Мәселе ауыл шаруашылығы министрлігінде қаралып жатыр. Қазақстан фермерлер қауымдастығының атқарушы директоры Әкбар Мәуленовтың айтуынша бұл елдегі кіші шаруашылықтардың өнімділігін төмендетіп жіберуі ықтимал. Өйткені мемлекеттік қолдау болмаса олардың көбінің тыңайтқыш алуға шамасы келмейді. Мәселен бидай егетіндер қазір қолдау болғанның өзінде себілуі тиіс тыңайтқыштың 15 процентін ғана береді. Салдарынан өнімде өсім оқ. Яғни гектарына 10-12 центнерден аспайды. Ал қаржы айналымы үлкен шаруашылықтар тыңайтқышты қажетті мөлшерде бергендіктен 20-25 центерден алып отыр.

Әкбар Мәуленов, Қазақстан фермерлер қауымдастығының атқарушы директоры:

- Субсидияға қажетті ақша жетпейді деген сөз. Оны тағы көбейту керек. Мысалы, былтыр, алдыңғы жылы берілетін 30 млрд биыл да солай қалды. Ал тыңайтқыштың бағасы көтеріліп кетті. Ауыл шаруашылығы министрлгі субсидиялау механизмін өзгертеміз деп жатыр. Сол кезде тауарлық спецификалық субсидияны алып тастамақшы. Соның ішінде тыңайтқыш та бар. Оны алып тастаса жағдай өте қиын болады.

Субсидия уақытылы түспейді

Субсидияның кешігуі шаруаны қарызға батырады. Өйткені егін күтпейді. Бабы дер кезінде жасалмаса, еңбек далаға кетеді. Сондықтан диханның әр күні мен тиыны есептеулі. Қызылордалық кәсіпкер Еркебұлан Жолдасовтың айтуынша, тыңайтқышты жыл басында алған. Қазір орақ науқаны басталуға жақын. Ал субсидия қаржысы әлі түскен жоқ. Жиын терімге жанармай, техника жалдау қажет. Осындайда амалсыз қарызға жүгінеді.

Еркебұлан Жолдасов, кәсіпкер:

- Февральда алып қоямыз удабрениені, Субсидия августың аяғы, сентябрде зорға беріледі. Онда да қолдау кейзетті жақсы пайдаланып үлгерген азаматтарға беріледі. Ал қалып кеткен жағдайда ол келесі жылы берілмей жатыр. Былтыр үлгіре алмай қалған кісілер де ала алмай жатыр.

Елде егіс алқабына қолданылатын тыңайтқыштардың ең негізгілері аммиак селитрасы мен аммофос. Екеуі де Қазақстанда шығарылады. Жетпегенін шет елден әкелеміз. Жалпы жылына Қазақстан 600 мың тонна минералды тыңайтқыш импорттайды екен. Оның 80 процентін Ресейден алады.