Елімізге Ресейден заңсыз келетін бидайдың жолын кесу керек – кәсіпкерлер

Әйтпесе көлеңкелі бизнес жергілікті дихандарды шығынға батыруы мүмкін. Астық нарығында жүрген кәсіпкерлер осылай деп дабыл қақты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір астық саласындағы 4 қауымдастық Ресейден Қазақстанға көлікпен бидай әкелуге тыйым салуды сұрап отыр. Бұл ұсынысты Премьер министр Әлихан Смайловқа жолдаған. Толығырақ сәлден кейін айтам. Арма ағайын. Арнадан ауыспаңыз

РЕСЕЙДЕН 1,2 МЛН ТОННА АСТЫҚ ЗАҢСЫЗ ӘКЕЛІНЕДІ

Ресейден Қазақстанға жыл сайын шамамен 3 миллион тоннадай дәнді дақыл әкелінеді. Соның тең жартысына жуығы заңсыз жолмен кіреді. Сарапшылардың болжамы бойынша былтыр елге 1,2 миллион тонна бидай құжатсыз тасымалданды. Яғни Ресейден көлікке тиеліп, Қазақстан шекарасына кіреді. Сосын ешқандай салық төлемей-ақ жергілікті элеваторлардан шыққан астық секілді өзге елдерге арзан бағамен экспортталады. Осылайша жергілікті дихандардың өнімі қымбат әрі өтімсіз болып қалады. Салыстыру үшін айтайық қазір Ресейде бір тонна бидай 14 мың рубль. Бүгінгі валюта бағамы бойынша төл ақшамызға шаққанда 118 -120 мың теңге. Ал Қазақстанда бидайдың тоннасы 145-150 мың теңгеден. Баға жағынан ресеqлік бидаймен бәсекелес болу үшін жергілікті дихандар да бағаны түсіруге мәжбүр болады. Сырттай қарағанда қарапайым тұтынушы үшін бұл жақсы сияқты. Алайда сарапшылар былай дейді.

Қазыбек Омаров, «Қазақстанның астық одағы» ЗТБ ресми өкілі:

- Халық үшін арзандап жатқан ештеңе жоқ. Соңғы 2-3 жыл бойы Ресейден заңсыз кіріп жатқан астық біздегі тауардың, нанның тұтынушыларға деген бағасының арзандауына әкелген жоқ. Сұйық май болсын, ұн болсын өзіңіз көріп отырсыз қымбаттап жатыр. Бұл тек адал жұмыс істемейтін кәсіпкерлердің қалтасының қалыңдауына әкеп соғады. Олардың көретін үстіндегі пайдасы көбейеді. Ол астық негізі Қазақстанға келгенде ары қарай реэкспортқа кетіп қалады. 

БИДАЙДЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ НЕГЕ ҚЫМБАТ?

Ресей бидайының өзіндік құны қазақстандық бидайдан айтарлықтай арзан. Себебі не? Сарапшының айтуынша басты проблема өнімділікте. Мәселен теріскейдегі көршілер бір гектардан 40 центнерге дейін өнім алады. Ал бізде басым бөлігі 10-12 центерден аспайды. Өйткені тыңайтқыш аз, технология төмен. Бұдан бөлек доллардың қымбаттауы жағдайды ушықтырды. Жерді зиянкестерден залалсыздындыратын химиялық қоспалар, технология, мен техника АҚШ валютасына импортталады. Тұқымдық бидайдың 70 проценті Ресейден алынады. Сондай-ақ бізде несиенің де проценті жоғары.

- Оларда тыңайтқыштарды өздері өндіреді. Бізде тыңайтқыш қымбат. Жанар-жағармай қымбаттады. Бізде биылдан бастап АШтехникасын импорттаған кезде үстеме салық қосылатын болды 12 процент. Ол да техниканың қымбаттауына әкеп соқтырды. Былтырдан бастап аш техникасына утилсбор қосып қойдық. Әр комбайнға 15-20 млн теңге үстіне утилсбор деп. Осының барлығы ақырында ақыры келгенде шығарылған өзіндік құнына қосылады.

БИДАЙ АРЗАНДАУЫ МҮМКІН

Егер рубль бұрынғыша 5-6 теңгеге дейін төмендесе Ресей бидайы да арзандай. Ол кезде келісі 100 теңгеге дейін барады. Оның үстіне биыл көрші ел 90 миллион тонна бидай жинаймыз деген жоспар қойып отыр. Сондықтан шекара бақылауын күшейтіп ішкі нарықты қорғамаса жергілікті дихандар шығынға батуы ғажап емес. Бұдан бөлек заңсыз тасымалдан бюджет те салықтан қағылып отыр. Егер астықты заңды түрде  импорттаса 12 процент қосымша құн салығы 20 процент табыс салығы төленер еді. Сондай-ақ үшінші елге экспортталса темір жолда транзиттік тариф алынар еді. Сондықтан кәсіпкерлер Ресейден көлікпен бидай тасымалдауға уақытша тыйым салып, осы олқылықтың орнын толтыратын жүйе жасауды ұсынып отыр.

6 АЙДА САЛЫҚТАН ₸7,1 ТРЛН ТҮСТІ

Биыл алты айда салықтан мемлекет бюджетіне 7,1 триллион теңге түсті. Осылайша жоспар 6 жарым процентке артығымен орындалды. Республикалық бюджетке 4,8 триллион, Жергілікті бюджетке 2 триллион 349 миллиард теңге түскен. Салық кірісінің көбеюіне бірнеше себеп бар. Соның негізгілері бағаның қымбаттауы. Мәселен биыл Қазақстанда өндірілетін қара алтын 66 процентке, алюминий 37, мырыш 35 жарым, қорғасын 9 жарым, мыс 7, алтын 3,6 процентке қымбаттады. Сәйкесінше бұл тауар түрлерінің экспортынан түсетін қаржы да көбейді. Сондай-ақ биыл өңделмеген мұнайға экспорттық БАЖ салығы көбейді. Былтыр бір тоннасы үшін 56 доллар болса, биыл 86 ,7 доллар алынады. Бұған қоса алты айда өзге елдермен тауар айналымы да 51 процентке көбейген.