Биыл Щучинск-Бурабай курорт аймағына 550 мың адам барған

Апта сайын Қазақстанға шет елдерден 11 мың турист келеді. Наурыз айынын бері саяхатшылар саны 36 процентке көбейген. Бұл туралы мәдениет және спорт вице министрі Ержан Еркінбаев мәлімдеді.

Елде былтырдан бері «Е-қонақ» деген қосымша іске қосылды. Соның деректеріне қарағанда туристердің көбі Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысында түнейді екен. 

Саяхатшылар көбейді

Биыл жеті айда Щучинск-Бурабай курорт аймағына 550 мың адам барған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. Сондай-ақ туристік маусым басталғалы Шымбұлаққа 240 мың саяхатшы шығып, Алатаудың саф ауасымен тыныстады. Елдің мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне қарағанда ішкі туризм де дамып келеді. Мәселен, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 1 миллион 130 мың адам ел ішінде қыдырған. Қонақүйлер саяхатшыларға жалпы сомасы 26 миллиард теңгеге қызмет көрсетті. Табыс былтыр бірінші тоқсанмен салыстырғанда 25 процентке көп.

Даниел Сержанұлы, "Kazakh Tourism" АҚ Ұлттық компаниясының басқарушы директоры:

- Барлық жерде өсім өте қатты байқалады. Ұлттық парктердің өзінде 2 миллиондай келуші. Жалпы ішкі туристердің саны 8 миллионға жетіп қалады деген болжамбар. Сонау 17-жылдан ЭКСПО-дан бастап 5 миллионнан 7 млн-ға жеттік. Жылдан жылға өсім бар. Сұраныс ұсыныстан әлі де ұсыныстан әлдеқайда көп. Оны неден байқауға болады. Әуе билеттері тақауда алам десең жоқ. Ертең Бурабайға барам десең табу қиын. Өйткені барлығы алдын ала сатылып кетеді.

Қазақстанға 77 елдің азаматы уақытша визасыз келе алады. Бұл тізімге жақында Иран, Үндістан және Қытай қосылды. Яғни әлемде адам саны ең көп екі мемлекет бар бұл қатарда. Сондай-ақ 28 мемлекетпен 111 бағыт бойынша әуе рейстері қалыпқа келді. Бұған қоса Ресейге салынған санкцияларға байланысты көрші елдің азаматтары көп мемлекетке бара алмайды. Ал Қазақстан жақын әрі тиімді бағыт. Сондай-ақ шет елден саяхатшы әкелген туристік операторларға әр адам үшін 15000 теңге шамасында субсидия беріледі. Осы факторлар қонақ санының көбейюіне серпін берді.

Даниел Сержанұлы, "Kazakh Tourism" АҚ Ұлттық компаниясының басқарушы директоры:

- Жылдың басы, екінші тоқсан дейік иә, ресейлік туристердің артқанын көріп отырсақ, «Е-қонақ» деген біздің жүйеміз бар. Шетелден келетін туристердің санын есепке алатын жүйеде апта сайын елге 10 мыңнан аса, 11 мың турист кіріп жатқанын көріп отырмыз. Былай қарасаңыз бұл тек қана қонақ үйлердің жүйесі бойынша. 

Инфрақұрылым саласы ақсап тұр

Жыл соңына дейін елге шет мемлекеттен 700 мыңдай турист келеді деп күтілуде. Мамандар бұл санды әлі де көбейтуге ниетті. Осы бағытта оқу, тәжірибе алмасу жүргізіп жатыр. Алайда инфрақұрылым ақсап тұр. Жергілікті қонақүйлер мен қызмет көрсету орындары жүктемеге дайын емес. Жолдары шұрық тесік, жатын орын аз, байланыс нашар.

Мунирам Ахметова, Қазақстан туризм индустриясы қауымдастығының төрағасы:

- Электричестваомен проблема бар. Пожарный безпасность проблемасы бар. Соларды өлтіру керек. Соларды үкімет жәрдем берсе жақсы болар еді. Водокачка керек. машина керек. Бізге электричества кере без перебойный. Титандар күйіп, жатр. Кондиционер холодильниктер күйіп жатыр. Напрежение тұрмайды. Света музыка сияқты. Жолдарды ремонт істеу керек. 

Айта кетейік, жыл басынан бері елде Kids Go Free жобасы жүзеге асып жатыр. Оның көмегімен 2-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер ел ішінде сахат жасағанда тегін ұша алады. Яғни отбасылық туристік жолдама сатып алған кезде балалардың ұшу ақысын туристік компания көтереді. Бүгінге дейін бұл мүмкіндік 500 ден астам балаға бұйырды. Биылғы жоспарға сәйкес Kids Go Free жобасын 15 мың балаға дейін қолдана алады.