Көмір экспорты 2 есеге артты

Жыл басынан бері елде көмір экспорты 2 есе артқан. Ал түсім 344 млн АҚШ долларынан асты.

Ақшаға шаққандағы өсім 91 процентке тең. Осылайша жалпы көлемі 14 млн тонна көмірді шет мемлекеттерге жібердік. Оның 9,1 млн тоннасы ТМД аумағына аттанған. Сондай-ақ Швейцария сұранысты былтырғыдан 75 процентке арттырды. Еуроодаққа да тасымал жанданып отыр. Мұнда 3,6 млн тонна көмір жөнелтілді. Былтыр 100 мың тоннасы ғана экспортталған еді. Биыл Беларусь пен Украинаға сатылым үлесі азайып кеткен. Жарты жылда Қазақстанда 57 млн тонна көмір өндірілді. Бұл мәліметті Индурстрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.