Ресейге елімізден экспортталатын көмірдің 65 проценті кетеді

Еуроодақ Ресей көмірінен бас тартты

Былтыр Ресей Еуроодаққа 49  миллион тоннадай көмір экспорттады. Яғни сырт елге сатқан көмірінің 22,6 проценті кәрі құрлыққа жөнелтілген. BCS Global Markets-тің мәліметіне қарағанда Еуроодақ өзіне қажетті қатты отынның 70 процентін осы елден импорттаған. Енді геосаясаттағы ахуалға байланысты бұл саудадан кәрі құрлық бас тартты. Осылайша көмірді АҚШ, Канада, Австралия, Колумбия, және Оңтүстік Африка Республикасынан сатып ала бастады. Ал Ресей өз шикізатын Үндістан, Түркия және Қытайға бағыттады. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, мамыр айында Ресей Үндістанға көмір экспортын былтырмен салыстырғанда 25 процентке көбейтті. Ал Түркияға 11 процентке артты. Сарапшылардың айтуынша жаңа бағыттар Ресми мәскеу үшін тиімсіз. Өйткені Еуропаға бір тоннаны 330 доллардан сатса, Қытайға 170 доллардан жеткізеді. Бүгінде әлемдік нарықта көрші елдің көмірі 50 процент арзан сатылып жатыр.

19 млн тонна көмір экспортталды

Қазақстананнан экспорталатын көмірдің 65%-і Ресейге кетеді. Біздің өнім көрші елдің жылу эклектр станцияларын қуат көзімен қамтиды. Бұл туралы «Қазақстан Темір жолы» компаниясының жүк тасымалы бөлімі хабарлады. Олардың мәліметі бойынша, биыл 7 айда 62 миллион тонна көмір тиелген. Оның 19 миллионнан астамы экспортқа кетті.  Қазақстанның ішкі нарығына 42 млн тоннадан астам көмір жөнелтіліпті. Соның ішінде 37 миллионы жылу электр станцияларына болса, қалған 5 миллион тоннасы халыққа арналған. Соңғысы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26% көп. Ал Ресей көміріне салынған санкиця біздің экспортқа қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.

Нұржан Келбұғанов, «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС атқарушы директоры:

- Экспортқа кеткен көмірдің 65%-і Ресейдің жылу электр станцияларына, 29%-і Еуропа елдеріне және 6%-і Орталық Азия елдеріне жөнелтілді. Жалпы жыл басынан бері Қазақстаннан шетелге 19,6 млн тонна көмір экспортталды. 

Қаақстан шикізаттық емес тауарлар экспортын 25 процентке арттырады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады. Ведомствоның есебі бойынша, биыл шикізаттық емес тауарлар экспорты 31 млрд АҚШ долларына жетеді. Министрлік елде заманауи сауда жүйесін дамытпақшы. Ол үшін нарықты сапалы әрі бәсекеге қабілетті тауарлармен толтырмақ. Әлемдегі азық-түліктің қымбаттауы отандық өнімдер сатылымы үшін қолайлы жағдай туғызып отыр. Дегенмен, сала мамандарының болжамы бойынша, экспорт мұнай өндірісін ұлғайту есебінен артпақ. Мысалы, өткен бес айда шикізаттың қымбаттауынан Қазақстанның тауар айналымы 14 миллиард долларға өсті. Оның ішінде экспорт 37 процентке ұлғайды. Өнімнің 40 проценті Еуроодақ елдеріне кеткен. Бұл біздің негізгі сатып алушы. Сондай-ақ өзге елдерге де экспорт көлемі артқан. Мысалы,Грузияға 7 есе, Канадаға 6 есе өсті. Тізімде Марокко, Оңтүстік Корея, Жапония елдері бар. 

Қазақстан Ауғанстан мен Пәкістан арасында темір жол салуға көмектесуге ниетті

Индустрия және инфрақұрылымдық даму минстрлігіне сілтеме жасап, Эл-Эс сайты осындай ақпарат таратты. Мәліметке қарағанда Қазақстан темір жолы құрылыс материалдарын жеткізуге дайын. Ол үшін рельстер, шпалдар мен бекітпелер жетерлік. Егер бұл жоба жүзеге асатын болса, Орталық Азия елдері Пәкістанның теңіз портына шығады. Сондай-ақ Бұл елден тауар тасымалдау 35 күннен 3-5 күнге дейін қысқарады. Бір контейнерді тасымалдау құны үш есе төмендейді екен.

Сондай-ақ...