Күріш тапшылығы болуы мүмкін бе?

Биыл күріш өндірісінің қарқыны төмендей бастады. 2022 жылдың бес айында Қазақстанда 89 мың тонна күріш өсірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2% - ке аз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны Energyprom.kz  хабарлады. «Қолдан жасалған» қант тапшылығымен күресіп жатқанда, күрішке қат болып қалмаймыз ба? Егіс алқаптарының азаюы нарыққа қалай әсер етеді?

Қазақстанда күріш егетін алқаптар азайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл 88 мың гектарға жуық жерге күріш егілген. Оның ішінде 89,5 пайызы Қызылорда облысында, 7,7 пайызы Алматы облысында, 1,1 пайызы Жетісуда және Түркістан облысында 1,7 пайызы орналасқан. Бірақ биыл күріш алқаптарының көлемі былтырға қарағанда 8,4 мың гектарға аз. Сумен қамтамасыз етудегі өзекті мәселелер осындай шешімге себеп болды деп хабарлайды жауапты ведомство. Күріш алқаптарының қысқарғанына қарамастан, Ауыл шаруашылығы министрлігі алаңдауға негіз жоқ деп сендірді. Айта кетеік жыл басынан бері күріштің келісі 10 пайызға қымбаттаған.

Дамир Егізбаев, ҚР АШМ ресми өкілі:

- Жылы күріштің егіс алаңы былтырғы деңгейден салыстырғанда 8 мың гектарға аз. Бірақ сонымен қатар бір нәрсе маңызды. Күріш алқаптарының қысқару негізгі себебі егіс алқабын вегетациялық кезеңде қажетті суармалы сумен қамтамасыз етуде қалыптасқан проблем екенін түсінген абзал. Оған қарамастан күріш егістіктерінің қысқаруына қарамастан министрлік елде күрішпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдейді. Биыл да келесі жылы да.

КҮРІШ 10%-КЕ ҚЫМБАТТАДЫ

Информ бюро агенттігінің хабарлауынша, отандық күріш өндірушілерді егістіктердің азаюы алаңдатып отыр. Сондай-ақ оларды жақында: ішкі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны бақылау үшін экспорт шектелетінін ескерткен көрінеді. Күрішті өндірушілер мен қайта өңдеушілер қауымдастығының бас сарапшысы Сағидолла Сыздықовтың айтуынша, «экспортты шектеудің қажеті жоқ. Керісінше, отандық өнімді жоғары бағамен сатуға мүмкіндік беру керек. Бұл өзіндік құнын есептеп, нарықтағы жағдайға сай қалыптасқан баға». Ал күріш тапшылығы маусымдық құбылыс. «Бұл жыл сайынғы тапшылық – екі аптаға созылады. Уайымдаудың қажеті жоқ», - деп түсіндірді Сағидолла Сыздықов. Сарапшының сөзінше, «Қазір  өткен маусымда жиналған күріш сатылып жатыр. Ал бірінші қыркүйекте жаңа егін жиналып, жағдай түзеледі». Ал биыл шыққан өнімді 20 тамыздан бастап жинай бастайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы 5 мың тоннадан астам күріш импортталды. 120 мың тонна экспортқа шығарылды.

МҰНАЙ АРЗАНДАДЫ 5%-КЕ АРЗАНДАДЫ

Мұнай бір күнде 5%-дан астам арзандап, барреліне 93 долларға дейін төмендеді. Қара алтын құнына әсер еткен екі фактор бар. Біріншісі Қытай экономикасы баяулайды деген қауіп. Бүгінде әлемдегі ең ірі шикі мұнай импорттаушы Қытайда сұраныстың төмендейді деген болжамның өзі нарыққа осылай әсер етті. Екінші Иранның мұнай экспортын арттыруы мүмкін деген жаңалық. Егер ядролық мәміле ұсынысына жауап беріп, Иран қара алтын сатуды арттырса жағдай тіпті күрделене түседі дейді сарапшылар. Сонымен қатар, әлемдегі ең ірі мұнай компаниясы Saudi Aramco шикі мұнай өндірісін тәулігіне 12 миллион баррельге дейін арттыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл мұнай экспорттаушыларға, соның ішінде Қазақстанның экономикасына қауіпті. Айтпақшы, Brent маркалы мұнайдың бағасы екі апта қатарынан бір баррель үшін 100 доллардан төмен болып тұр.  Ал бұл ерте ме, кеш пе теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамына өз әсерін тигізеді дейді @tengenomika сарапшылары.

SAUDI ARAMCO ТАБЫСЫ 90%-КЕ ӨСТІ

Сауд арабиясы өтініш жасаса қара алтын өндірісін арттырамыз деген Saudi Aramcoның табысы 90%-ға өсті деп хабарлайды The Wall Street Journal. Биыл мұнай қымбаттағаннан кейін Сауд Арабиясының ұлттық мұнай компаниясының тоқсан сайынғы кірісі де артты. Saudi Aramco-ның үш айдағы таза табысы 48 миллиард долларға жетті. Бір жыл бұрынғы көрсеткіш 25,5 миллиард доллар болған. Бұл ұлттық компанияның  2019 жылдан бергі ең жоғары тоқсандық таза табысы. Сол жылы Saudi Aramco Сауд Арабиясының қор биржасында өз акцияларын саудалай бастаған.