Жарты жылда елімізде рекордтық деңгейде дизель отыны өндірілді

Энерджипром сарапшыларының есебі осындай. Бірақ халық арасында отынға сұраныс артып жатыр. Ал үкімет бекіткен бағамен өнімді тек шетелдіктерге сату тиімді боп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан жергілікті азаматтарға отынның бұл түрі жетпей жатқанын байқадық. Енді қайтпек керек? Тақырыпты экономика жаңалықтарының шолушысы Мерей Мұратханқызы сабақтайды.

ДИЗЕЛЬ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТЫЛЫП ЖАТЫР

Елде дизель тұтыну 10 жылдан бергі рекордтық көрсеткішке жетті. Жыл басынан бері 2 млн 700 мың тоннадан аса отын сатылған. Ұлттық статистика бюросының есебінше, бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 19 процентке көп. Мамандар әсіресе қазір ішкі нарықты дизельмен қамту маңызды дейді. Себебі, тамыз бен қыркүйекте жиын-терім науқаны басталуына байланысты өнімге сұраныс артады. Үкімет таяуда отынның халыққа және шетелдіктерге сату бағасын белгілеп берді. Алайда, сарапшылар мұны сәтсіз шешімге балайды. "Энерджи монитор" қорының атқарушы директоры Нұрлан Жұмағұлов бағалар арасындағы айырмашылық жағдайды ушықтыра ма деп қауіптенеді. Себебі халыққа шамамен 250 теңгеден сатылуы тиіс отынды жанар-жағармай стансалары қыруар ақшаға сатып алуға мәжбүр. Ал Үкімет осы ретте толайым бағаны реттеуді ұмытқан. Сол себепті стансаларға дизельді ішкі нарықтан гөрі, шетелдіктерге сату тиімді болып қалды. Өз кезегінде өзге мемлекеттіктер үшін отын литрына 450 теңге төлеу қымбат емес.

Нұрлан Жұмағұлов, «Energy monitor» қорының атқарушы директоры:

- Сұраныс көбейген соң, көптеген шағын АЗС сатып алмай жатыр. Өйткені ДТ оптовый бағасы өте қымбаттап кетті. Негізі осы тамыз, қыркүйек айы дизель отыны ең үлкен сұраныста болатын айлар боп есептеледі. Бірақ алдымызда қыс келе жатыр. Енді Қазақстанда қысқы дизель отыны өте аз шығарылатынын бәріміз білеміз.

САРАПШЫ: ІРІ ӨНДІРУШІЛЕР ДИЗЕЛЬДІ ИМПОРТТАУ КЕРЕК

Нұрлан Жұмағұлов отандық дизельді түгелдей қарапайым азаматтар мен шаруаларға жеткізу керек дейді. Ал құзырлы министрдің сөзінше, елде екі аптаға жететін қор бар. Әйтеуір күн сайын мұнай өңделіп жатыр. Демек, қор да толыға береді. Бірақ үкімет дизель отынының қаншасы халыққа, қаншасы шетелдіктерге өткізілуі керектігін ескертпеді. Бұл көпті тығырыққа тірегені рас. Жарты жылда елде 14 процентке көп, яғни 2,7 млн тонна дизель өндірілді. Бұл  да рекорд. Алайда ішкі нарықты түгел қамту әлі де мүмкін емес. Ал өнімге шекті бағаның белгіленуі нарықтағы жағдайды түзей қойған жоқ. Кей өңірлердегі жанар-май құю стансаларында кептеліс орнады. Дизель бәріне жете бермейді. Кеше үкімет басшысы өнімді әдейі сатпай отырғандардың жазаланатынын мәлімдеген еді. "Энерджи монитор" қорының атқарушы директоры Нұрлан Жұмағұлов отандық отынның жартысынан көбін ірі өндірушілер алып қоятынын айтады. Дәл осы сұранысты шетелдік өніммен қамту қажет дейді сарапшы. Себебі қарапайым халыққа қарағанда, алпауыт кәсіпорындарға дизельді импорттау жеңілірек.+СНХ

Нұрлан Жұмағұлов, «Energy monitor» қорының атқарушы директоры:

- Дизель отынының бағасы өсіп кетті. Өйткені зауыттарда өзіндік құны өсті. Акциздің бағасы өсіп кетті, шағын АЗС-терге тиімсіз. Мысалы неге қазір АЗС-терде дизель отыны жоқ? Өйткені қымбатқа айналып отыр. Шағын АЗС-тер шетелдің азаматтарына 450 теңгеге сатуға болады деп сатқысы келеді, бірақ бір жағынан өзіміздің азаматтарымыз бар ғой?! Егер таразыға салатын болсақ, біз ең бірінші, ең бастысы өзіміздің азаматтарымызға беру керекпіз, дизель отынын.

МҰНАЙ ӨНДІРІСІ ҚЫСҚАРУЫ МҮМКІН

Иранның мұнай нарығына оралуы ОПЕК+ ұйымының биылғы жоспарына әсер етуі мүмкін. Тегеран Батыспен ядролық келісім жасайтын болса, өндіріс пен экспортты қалпына келтіреді. Мұндай жағдайда әлемдегі қара алтын өндірісі қысқаруы ықтимал. Бұл туралы Рейтерс агенттігі мәлімдеді. Ал инвесторлар мұнай бағасы төмендеп кете ме деп күдіктенеді. Естеріңізде болса, Сауд Арабиясының Энергетика министрі бұған дейін ОПЕК+ жаңа келісім бойынша жоспар дайындап отырғанын хабарлады. Альянс нарықтың құбылуымен күресу үшін мұнай өндіруді қысқарту нұсқасын қараған. Әзірге алдағы айда өндіріс тәулігіне 100 мың баррельге артатыны белгілі. 

БАСПАНА - ТИІМСІЗ ИНВЕСТИЦИЯ

Тұрғын үйге инвестиция салу сән емес. Қаржылық сарапшы Андрей Чаботарев нарықтағы баспана бағасы бір қарағанда шарықтап тұрғанымен, валютаға шаққанда құлдырап жатқанын айтады. Ол осынау мүлік түрін теңгемен бағалауға болмайды дейді. Себебі шетелдік қор нарығы тек валюта арқылы пайда береді. Осы ретте тәжірибе тұрғын үйге қаржы салудың тиімсіздігін көрсеткен. Ол да көзді ашып-жұмғанша құнсызданып кетуі әбден мүмкін. Қазір елде 615 мың адам жеңілдетілген баспана кезегінде тұр. Өкінішке қарай, нарық шарты көпшілікті пәтер жағалатып қойды. Мамандар елде жаңа мемлекеттік бағдарламалар қолға алынуы керек дейді.