Күзгі науқанда бидай бағасы тоннасына 100 мың теңгеге дейін төмендеуі мүмкін

Биыл елде 13 миллион тоннадай егін жиналуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл былтырға қарағанда біршама көп. сәйкесінше экспорттық әлеует те жоғары. Бірақ бұл бағыттағы бірқатар қиындық бар. Нарықтағы жаңалықтар мен азық-түлік бағасы жайлы Ғазиза Мұхамеджанова «Іскер news» айдарында жалғастырады.

Күзгі науқанда бидай бағасы тоннасына 100 мың теңгеге дейін төмендеуі мүмкін. Шаруалар осындай болжам жасады. Шығыстағы шаруа қожалықтары бидайдың тоннасы 100 мың теңгеден кем болмау керек деп санайды. Олар мұны әділ баға деп есептейді. Ал күнбағыс пен рапс құны тоннасына 180-нен 220 мың теңгеге дейін делінген елдала.кз материалында. Алайда, нарықтағы жағдай "Азық-түлік корпорациясының" шешіміне қарай құбылады. Олар сатып алуға қандай баға және қандай көлемді белгілейді соған байланысты. Бұл ақпарат 15 қыркүйекте жарияланады.  

Әлібек Атай, «Kazgrain» ұлттық экспорттаушылар қауымдастығы төрағасының орынбасары:

Бірінші мәселе ол нарық. Біз нарыққа қарап отырамыз. Бірақ елдің ішінде мемлкеттік прод корпорация деген ұйым бар, азық-түлік корпорациясы. Сол биыл қазақстан өндірушілінен өте көп бидайды сатып алуды жоспарлап отыр. Олар арзан бағамен диірмендерге бидай аударғаннна кейін бидайдың құны түседі. біз сіз сияқты пайдаланушыларға. Ұнның бағасы түседі.

ЭКСПОРТТЫҚ ШЕКТЕУ АЛЫНУЫ МҮМКІН

Ұнның бағасы нақты қаншаға түсетінін сарапшылар айта алмады. Олар бәрі нарықтағы жағдайға байланысты екенін алға тартты. Осы тұста қыркүйекте қазақстандық астық пен ұнға шетелдік нарық қайта ашылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы сауда саясаты мәселелері жөніндегі ведомствоаралық Комиссияға бидай мен ұнды шығаруға енгізілген шектеу шараларын алып тастауды  ұсынды. Мұны ведомство басшысы Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Министр ұсынысқа не түрткі болғанын болғанын айтты.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Бүгінгі бидайдың жалпы түсімі шамамен 13 млн тонна көлемінде болады деп отыр. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен едәуір көп. Сондықтан біз ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге астық пен ұнды шетелге шығаруға рұқсат беруді орынды деп санаймыз. Себебі былтырғы қалдықтарды қоса есептегенде, биылғы жылғы өнім қазақстандық және экспорттық нарыққа да жетеді.

Еске салайық, азық-үлік дағдарысын болдырмау үшін Қазақстанда 30 қыркүйекке дейін 550 мың тонна астық және 370 мың тоннадан аспайтын ұн экспортына квоталар енгізілген. Ауыл шаруашылығы министрлігінің шектеуді алу туралы бастама осы аптада Комиссия отырысында талқыланады. Ал сала мамандары «биыл Қазақсанның экспорттық әлеуеті жоғары» екенін айтты.  «Бірақ квотаның кесірінен экспортқа шектеу тұр және біз дайын бидайды шетелге асыра алмай жатырмыз»- деді ол.

Әлібек Атай, «Kazgrain» ұлттық экспорттаушылар қауымдастығы төрағасының орынбасары:

Біздің қауымдастық шекараны түпкілікті жабуға қарсы. Себебін айтайын биыл көктемде Ресей жағы шекараны жауып тастаған өз атынан. Сонда себеп салдарын көрдіңіз. Нарықта бидай бағасы өсіп кетті, ұн бағасы, май, сұйық май бағасы. Ол әлеуметтік дағдарысқа әкеп соқтырды. Егер біз оны қайтадан жапсақ. Халыққа ол тиімсіз. 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бір жылда 18%-ға қымбаттады. Әсіресе Ақтау, Жезқазған және Оралда баға шарықтап кеткен. Ал Қостанай Петропавл және Қарағандыда өсім төмендеу. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың арасында қант бір жылда 92% қымбаттады. Сондай-ақ, пияз 55%, қарақұмық жармасы 26%, тауық еті 23% және макарон өнімдерінің  бағасы 23% -ға өскен. Өткен жылмен салыстырғанда  тек қырыққабат пен сәбіздің бағасы ептеп арзандаған деп хабарлайды energyprom.kz.

ӘЛЕУМЕТТІК ТАУАРЛАР 18% ҚЫМБАТТАҒАН

Қант 92,7%

Пияз 55,5%

Тауық еті 23,5%

Қарақұмық жармасы 26,5%

БІР ЖЫЛДА АРЗАНДАҒАН ТАУАРЛАР

Сәбіз 19%

Қырыққабат 6,7%

ҚЫТАЙДА ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ӨНДІРІСІ ҚЫСҚАРДЫ

Биыл Қытайда ұялы телефон өндірісі төмендеді, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі. ҚХР Индустрия және ақпараттандыру министрлігінің мәліметінше, осы жылдың жеті айында елде 863 млн ұялы телефон  жасалған. Бұл өткен жылға қарағанда 3,6%-ке аз. Кеден қызметінің мәліметінше, саладағы экспорт та 11,5%-ке қысқарып, биыл 470 млн телефон шетелге сатылды.