Елімізде криптокарталар пайда болады

Енді ел тұрғындары криптовалютаны теңгеге айырбастай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пилоттық жобаға бес банк қосылған. Тақырыпты іскер ньюс айдарында әріптесім толықтырады.

Жыл соңына дейін Қазақстанда банктік криптокарта пайда болады. Еуразиялық банк оны Intebix биржасымен бірлесіп іске қосылады.

Банк өкілінің айтуынша, қазақстандықтар криптовалютаны теңгеге айырбастай алады. Ол «Астана» халықаралық қаржы орталығы базасындағы пилоттық жоба аясында жүреді.

Банк өкілдерінің сөзінше, криптокарта иесі сандық валютаны әмиянда сақтайтынын, ал теңгемен айырбастау сатып алу кезінде автоматты түрде өтетінін айтты. Әзірге, пилоттық жобаға бес банк қосылған. Қазақстанда криптовалютаны теңгемен айырбастау үшін мүмкіндіктер жасап қана қоймай елімізде өндірілетін цифрлық валюта аударымдарының үлесін 75%-ға дейін жеткізуді жоспарланған деп хабарлайды LS сараптама агентігі.

Наталья Роменская, Еуразиялық банктің басқарма төрағасының криптоинициативалар жөніндегі кеңесшісі:

- Осындай карталармен төлеген кезде әлемдегі криптовалюта биржаларының көпшілігі фиат валютасына айырбастау операциясын өзі жүргізеді. Бұл түсінікті, өйткені әлемде криптовалютаны төлем құралы ретінде мойындайтындар аз. Қазақстанда да бұл цифрлық актив, сондықтан осы қаражатпен тікелей төлем жасау мүмкін емес.

ИНВЕСТИЦИЯЛАУҒА ТҰРМАЙТЫН ВАЛЮТАЛАР

Сарапшылар инвестициялауға тұрмайтын валюталарды атады. Кәсіби нарық қатысушылары қазіргі жағдайда жинақтарды қандай валютада сақтаған дұрыс екенін айтты.

LS агентігінің хабарлауынша, Freedom Finance Global талдаушысы биыл жылдың соңына қарай теңге бағамының төмендеуінен қорқатын қазақстандық инвесторға пайдалы ақапарат берді. Егер теңге мұнайға байланысты доллар қорғаныс валютасы ретінде жақсы нұсқа болады. Сонымен қатар Halyk Finance қысқа мерзімді перспективада алты айдан бір жылға дейін доллар сол еуро және иена салыстырғанда «сақтаушы валютасы» рөліне өте қолайлы деп санайды. Өйткені АҚШ Федералдық резервтік жүйесі ақша-несие саясатын одан әрі қатайтса, ол резервтік валютаның тартымдылығына ықпал етеді. Сарапшылардың пікірінше, келесі жылы АҚШ валютасы АҚШ биылғы жылы алған позициясын жоғалтуы мүмкін. Сонымен сараптамаға сай, егер валюта портфелін қарастыратын болсақ, доллар жақсырақ көрінеді. Оған инвестициялау екі-үш жылды құрайды. Портфельде доллар шамамен 30%. Теңге үлесі оны пайдалану жоспарына байланысты 30-50% аралығында. Бірақ инвесторлар жыл басынан бері 16%-ке әлсіреген еуроны сатып алудан бас тартуға кеңес береді. Ал кейбір сарапшылар әлемдегі рекордтық инфляцияны ескере отырып, валютаға инвестиция салудың тіпті қажеті жоқ деп санайды. Өйткені капитал кез келген жағдайда құнсызданады. 

СӘН-САЛТАНАТ САЛЫҒЫН ТӨЛЕУІ ТИІС

Елімізде 720 адам сән-салтанат салығын төлеуі тиіс.  Олардың 100 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлігі бар. Меншігінде қымбат үйі бар азаматтардың басым бөлігі республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада тұрады, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Президенттің қыркүйектегі жолдауында айтылған фискалды реттеу ісін қайта жаңғырту үшін 2023 жылы жаңа Салық кодексін әзірлейді. Салық реформасы аясында «сән-салтанат салығын» енгізу қарастырылады. Ол қымбат жылжымайтын мүлік мен көлік сатып алу кезінде алынады және орта тапқа әсер етпейді. Елде 3 млн адам құны 4 млн теңгеге дейінгі мүліктің иелері. 

АҚШ-ТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗЫ $ 31 ТРЛН ЖЕТТІ

АҚШ жалпы мемлекеттік қарызы 31 триллион доллардан асты, деп хабарлайды ABC News.

Конгрестің бюджеттік басқармасы осы жылдың басында Американың қарыз ауыртпалығы туралы есебін жариялаған болатын. 30 жылға жасалған болжамда айтылғандай, шара қолданылмаған жағдайда көп ұзамай қарыздар жаңа максимумға жетіп, АҚШ экономикасына қауіп төндіруі ықтимал.

Жауапты Федералды бюджет комитетінің президенті Майя Макгинестің сөзінше, америкалықтар соңғы 18 айда инфляцияның 40 жылдағы ең жоғары деңгейнің куәсі болды. Лойола Мэримаунт университетінің экономика профессоры Сон Вон Сон: «Бұл елге өзінің алғашқы 1 трлн доллар үкіметтік қарызын жинау үшін 200 жыл қажет болды. Ал пандемиядан кейін қарызды әр тоқсан сайын тағы 1 трлн долларға арттырып келеміз», - деді.