Елімізде көлік қымбаттауы мүмкін

Бұл әлемдегі жартылай өткізгіштер экспортындағы шектеулермен байланысты. Теміртұлпар бағасы қаншалықты өседі? АҚШ-тан Қытайға микрочиптер экспортының шектеулеріне байланысты Қазақстанда көлік қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы сарапшы Артур Мискарян айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ірі әлемдік автоконцерндердің басым бөлігін жартылай өткізгіштермен қамтамасыз етеді. Бұл Еуропа, Азия және Солтүстік Америка нарықтары. АҚШ-тың қытайлық компанияларға енгізген қосымша шектеулері автонарыққа ауыр тиуі мүмкін дейді маман. Ол онсыз да тапшылық болып жатқан, көлік саласында тұрақсыздық тудыруы ықтимал. 

Артур Мискарян, автокөлік нарығын талдау және мониторинг жасау орталығының басшысы:

– Көбіне жартылай өткізгіштер нарығындағы жағдай Қытай мен Тайвань арақатынасына қарап анықталады. Өйткені ірі микрочип өндірушілер мен зерттеу орталықтары Тайваньда шоғырланған. Қалай болғанда да, өндірісті тоқтата тұруға немесе өндіріс көлемінің төмендеуіне әкелетін кез келген шиеленіс бағаның өсуіне және әлемдік нарықта жеткізу мерзімін ұзартуға итермелейді. Мұнда АҚШ пен Қытайдың саяси басшылығының қарама-қайшылығы туралы сөз болып отырғандықтан, Қазақстан да, кез келген басқа мемлекет те өзгерістен тыс қалмайды. Бұл екі үлкен нарық. Өткен жылы АҚШ-та 15 млн, ал Қытайда 25 млн-нан астам автокөлік сатылды. Олардың бағасы 18-26%-ке өскен.

САРАПШЫ: ӘЛЕМДЕ КӨЛІК БАҒАСЫ 25% ӨСЕДІ

Егер шиеленіс жалғаса берсе, бұл өткізгіштердің өндірісіне әсер етеді. Нәтижесінде машиналардың тапшылығы артады, ал Қазақстан, басқа елдер сияқты автомобильдердің қымбаттауына дайын болу керек. Артур Мискарян соңғы екі жылда әлемдік өндірістің тапшылығы шамамен 10% құрайтынын атап өтті. Осындай көрсеткіштермен әлемдегі теміртұлпарлар шамамен 15-25%-ке қымбаттайды.

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕ

Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша 90 млрд теңге берді. Бағдарламаға сай 11 жарым мыңнан астам өтінім мақұлданды. Бірнеше жыл бұрын Қазақстанның Даму банкінің осындай бағдарламасы бойынша 172 млрд теңге берілді. Дегенмен бастапқыда бағдарлама 82 млрд теңгеге есептелген болатын. Бұл ақшаға 31 мыңнан астам өтінім мақұлданды. Ол да револьверлік жүйемен, яғни қайтарылған ақшаға жаңа кредиттер беру механизмі бойынша жұмыс істеді. Осылайша, 2015 жылдан бастап жеңілдетілген автонесие бойынша 43 мың теміртұлпар рәсімделді. Сала мамандары бағдарламаның нарық үшін маңыздылығын түсіндірді. Артур Мискорянның айтуынша, 2015 жылдан бастап 2022 жылдың маусым айының соңына дейін Қазақстанда барлығы 307 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды. Бұл көлемнің 14%-тен астамы жеңілдетілген автонесие бағдарламасының арқасында сатып алынған көліктерге тиесілі болды.

ҚЫТАЙДЫҢ ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМІ 3,9% ӨСТІ

Қытай 2022 жылдың үшінші тоқсанында кейінге қалдырылған статистикасын шығарды. ЖІӨ-нің тоқсандық өсім 3,9% құрады. Жылдық мәнде де өсім осындай. Биыл тоғыз айда жылдық өсім 3%-ті құрады. Жалпы алғанда, жаман емес. Бірақ жыл басында партия күткен қарқыннан әлдеқайда төмен дейді сарапшылар.  tengenomika сарапшылары. деректердің шығарудағы кідіріс осымен байланысты болуы мүмкін деген пікірде.