Уран тасымалының балама жолдары қаралады

Сауд Арабиясының ірі мұнай компаниясы тұрақты даму қорын құрады. Ол түрлі технологияларға инвестициялаумен айналысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал америкалық ІТ компаниялардың акциялары арзандады. Бұл бағыттағы инвестициялық болжам ақталмады. Нарықтағы осы және өзге де жаңалықтарды әріптесім Ғазиза Мұхамеджанова Іскер news айдарында айтып береді.

«Қазатомөнеркәсіп» уран өнімдерін тасымалдаудың балама жолын қарастырып жатыр. Дәстүрлі түрде қазақстандық компания өз тауарларын Санкт-Петербург порты арқылы әлемдік нарықтарға жібереді. Алайда, санкциялық қысым жағдайында Транскаспий халықаралық көлік бағыты қосалқы нұсқа ретінде қарастырылады деп хабарлайды sputnikKZ. Бірақ «Қазатомөнеркәсіп» әзірге дайын өнімді жеткізуге байланысты қандай да бір шектеулер болмағанын атап өтті. Еске салайық, «Қазатомөнеркәсіп» - а  әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші компаниялардың бірі. 

ЭКОЖОБАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАЙТЫН ҚОР ҚҰРЫЛДЫ

Saudi Aramco әлемдегі ең ірі тұрақты даму қорын іске қосты. Оның қаржы көлемі $1,5 млрд. Қордың жұмысы технологияларға инвестициялауға бағытталады. Олар энергетикалық көздердің ауысуын қолдай алатын технологиялар. Бастапқыда СО2 жинау және сақтау, парниктік газдар бөлінісі, энергия тиімділігі, экологиялық климаттық шешімдер, цифрлық трансформация және синтетикалық отын кіреді бағыттарына басымдық беріледі. Қор бүкіл әлем бойынша инвестицияларға назар аударады. Сондықтан осы бағыттағы технологиялық шешімдердің әлемдік компания қаражатын тартуға мүмкіндігі мол.

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ АЛЫПТАРДЫҢ АКЦИЯЛАРЫ  АРЗАНДАДЫ

Американың технологиялық алыптарының акциялары құлдырады. Google және Microsoft нәтижелері инвесторлар күткендей болмады. АҚШ-тағы корпоративтік есеп беру маусымы 13 қазанда басталды. Содан бері S&P индексі 8%-ке өсті. Жетекші банктер мен бірқатар ірі өнеркәсіптік компаниялар тоқсандық нәтижелерді ұсынды. Сейсенбіде нарық жабылғаннан кейін Аlphabet  және Microsoft нәтижелері шықты. Соның әсерінен кеше АҚШ-та сауда-саттық басталғанға дейін осы компаниялардың акциялары арзандады. Компания есебінде инвесторларға не ұнамады? Бұл сауалға сарапшылар былай деп жауап берді.  «Үміт ақталмады. Google-дің табысы мен кірісі болжамнан төмен болды. Ал Microsoft-тың бұлтты бизнестің өсу қарқынына инвесторлардың көңілі қалды. Соңғы жылдары компанияның құны негізінен осы сегменттің арқасында көтерілген. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша Google кірісі 6%-ке өсті, Microsoft тоқсандағы кірісі 11%-ке өсті. Бұл соңғы бес жылдағы ең төмен көрсеткіш. Осылайша инвесторлардың үміті ақталмағандықтан, компанияның акциялары 6%-ке арзандап кетті.

КРИПТОТРЕЙДЕРЛЕР $1,1 МЛРД ЖОҒАЛТТЫ

Технологиялық инвесторлармен қатар, криптовалютаға қаржы құйғандар да біраз ақшадан қағылды. Бір тәулікте криптотрейдерлер $1,1 млрд жоғалтты. Биткоин бағамы 20 мың долларға дейін өскен кезде 157 мыңға жуық трейдердің позициясы жойылды. Coinglass сервисінің мәліметінше, криптотрейдерлер позицияларды мәжбүрлеп жабу нәтижесінде шығынға ұшырады. Шығынның көбі биткоинмен жасалған мәмілелерге тиесілі. Онда криптотрейдерлер 550 млн доллардан қағылды. Бір тәулікте мәжбүрлі түрде жабылған позициялардың 87%-і қысқа мерзімді. Бұл дегеніміз, трейдерлер нарықтың одан әрі құлдырайтына сенді, бірақ биржалық бағамдар күрт өскенде олар қаражатты жоғалтпау үшін осы позицияларды жойды.

Сондай-ақ...