Қазақстан жастары жасыл экономиканы қолдайды | Іскер News| 25.11.22.

Қазақстан жастары жасыл экономикаға бет бұрды. Бұл маңызды бағыт. Сондықтан жүйелі жұмыс керек дейді сарапшылар. Ал кейбір әлемдік автоконцерндер қазірдің өзінде экологиялық таза өнімдерге қаржы құя бастады. Келесі жылы ел экономикасын не күтеді?

2023 жыл дамыған және дамушы елдердің экономикасына да оңайға соқпайды. Бірақ біздің елдегі саяси реформалар экономикалық тұрғыдан да тиімді болады. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері Бекжан Садықов осылай пайымдайды. 2023 жылы еліміз декорбонизация жүйесіне күш салып, жасыл экономиканы жетілдіруге әрекеттену керек дейді сарапшылар. Ол үшін жобалық жұмысты қолға алған жөн. Қазақстанда жасыл технологиялық жобаларды іске асыруда ілгерілеушілік бар. «Еліміздегі халықтың орташа жасы - 32 жас. Климаттық өзгерістер бірінші кезекте осы санаттағы азаматтарды мазалайды. Сондықтан экономикалық дамуда жастардың құндылықтарын ескеріп, болашақ ұрпақ пайдалана алатындай бағыттарды игеру керек», – дейді Бекжан Садықов.

Бекжан Садықов, ҚР Президентінің жанындағы қсзи экономикалық зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері:

- Қазір инфляцияға қатысты түрлі қауіптер бар. Өйткені Үкімет оны реттей алмай отыр. Мен де тұтынушы ретінде қымбатшылықты байқап отырмын. Осы тұста Үкімет пен Ұлттық банк жаңа механизмдермен әрекет ету керек деген ойдамын. Өзге мемлекеттердегі монетарлық саясатқа қарасақ, олар базалық ставканы көтеріп жатыр. Бірақ мұнда базалық мөлшерлеме экономикалық өсімге қайшы келмеу керектігін ескерген жөн.

Mazda электромобильдерге көшпек

Mazda электромобильдерді жасауға 11 млрд доллар қаржы құюға дайын. 2030 жылға қарай жапон маркасы теміртұлпарларының 40% дейін электр қуатымен жүреді деп хабарлайды Reuters. Осындай көрсеткішке жету үшін Mazda Motor Corp өндіріске 1,5 трлн иен немесе 10,6 млрд доллар құйғалы отыр. Сондай-ақ кәсіпорын аккумулятор өндірісіне де инвестиция салуды қарастыруда. Бұл электрокарлардың ең қымбат бөлігі. Reuters агенттігінің хабарлауынша, жапонның Toyota және Honda көлік өндірушілері электромобиль шығаруға ден қоя бастаған соң, Mazda да өзінің инвестициялық жоспарын жариялады. Жаңа «Батареялы» Mazda автомобильдері 2025-2027 жылдар аралығында таныстырылады. Ал «2030 жылға қарай Mazda-да бірде-бір ішкі жану қозғалтқышты көлік болмайды. Оның модельдер қатары сегіз жылдан кейін тек электрокарлар мен гибридтерден тұратыны» айтылған. Бірақ Mazda қарапайым қозғалтқышты көліктер шығаруды тоқтатуға дайын емес көрінеді. Жапон концерні қазір жаңа гибрид жүйелер әзірлеумен қатар, ішкі жану қозғалтқыштарының тиімділігін арттырумен де айналысып жатыр.

1 млрд еуроға жеңіл көлік импортталды

Қазақстан 1 млрд еуроға жеңіл көлік импорттады. Биыл теміртұлпарлар отандық импорттың барлық тауар топтары арасында жоғары сұранысқа ие. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, өткен 9 айда елге 1 млрд долларға жеңіл көлік жеткізілді. Сондай-ақ, Қазақстан автобөлшектерді де көп импорттайды. ЕуроОдақ елдері Қазақстанға 110 млн долларға жеңіл көлік және 103 млн долларға трактор жеткізген. Елімізге көлік бөлшектерінің көбі ЕАЭО елдері мен Қытайдан әкелінеді. Бірақ Қазақстанның биылғы сыртқы саудасына жасалған шолуда, импортпен қатар экспорт көлемінің өскені айтылған. Өкінішке орай, теміртұлпарлар мен олардың бөліктері отандық экспорттың жетекші тауарлар тізіміне кірген жоқ. Бірақ сауда министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Орталық Азия елдеріне 166 млн долларға жеңіл көлік жеткізген.

Еуропа қор нарығы өсті

Еуропаның қор нарығы соңғы үш айдағы максимумға жетті. Кеше STOXX 600 индексі бойынша еуропалық акциялар 19 тамыздан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді.  Бұған АҚШ Федералды резервтік жүйесінің қарашадағы отырысының хаттамалары себеп болуы ықтимал. Онда пайыздық мөлшерлеменің өсуі баяулайтыны көрсетілген. Ал Еуропаның Орталық банкі экономикалық құлдырау қаупінің жоғарылығына қарамастан, монетарлық саясатын қатаңдатып жатпағаны белгілі. Біз айтқан STOXX 600 индексі қыркүйек айының соңынан бері шамамен 15% өсті. Олар  Еуропадағы рецессия қаупінен АҚШ Федералды резервтік жүйесінің пайыздық мөлшерлемелерін қатты көтермейтініне үміттенген еді.