Биыл қаңтарда қазақстандықтар 1 трлн теңгеге сауда жасаған
Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 3,7 пайызға көп дейді сарапшылар.
Халық қандай тауарды көп тұтынады? Қаржының көбі азық-түлікке, жанар жағармай мен дәрі-дәрмекке кеткен сыңайлы. Өйткені осы санаттағы тауар саудасы қызған.
Азық-түлік тауарларының үлесі 26,8%, азық-түлік емес тауарлар 73,2%. Жанар жағармай, автомобильдер, опа-далап және үй керек-жарақтары, фармацевтикалық тауарлар, киім және зергерлік бұйымдар мен былғары өнімдерін сататындарда өсім байқалды. Ақпаратқа сай, ең көп ақша жұмасаған Алматы, Астана, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары. Өткен айда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір үлес Алматы (31,5%) мен Астана қалаларына (12,4%), Қарағанды (8,3%) және Шығыс Қазақстан (6,1%) облыстарына тиесілі. Бұл туралы The HODL телеграм арнасы хабарлады. Кәсіпорындар 935 млрд теңгеге тауар сатқан. Бұл да былтырғымен салыстырғанда біршама артық көрсеткіш.
Тамақ өндірісіне ₸150 млрд инвестицияланды
2023 жылы тамақ өндірісіне 150 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған. Әсіресе, Алматы облысында өсім бар. Өңірде осы салаға 46,4 млрд теңге қаржы құйылды. Тамақ өнімдері өнідірісіне мол инвестиция салынған аймақтардың тізіміне Солтүстік Қазақстан (16,5 млрд теңге), Түркістан (16 млрд теңге), Қостанай (9,7 млрд теңге) және Ақмола (9,1 млрд теңге) облыстары да кірді. finprom.kz. сараптама агенттігінің хабарлауынша, инвестициялық портфельдің 63 пайызы кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен болған. Қалғаны банк несиелері мен банктік емес қарыздар есебінен.
Азық-түлік қауіпсіздігіне келетін болсақ, Қазақстан кейбір тауар түрлерінен импортқа тәуелді. Мысалы, қанттқа сұраныстың 61%-ы, балыққа 53% және ірімшік пен сүзбеге сұраныстың 44%-ын сырттан келетін тауарлар жабады. Сол сияқты шұжық өнімдерінен де импортқа тәуелділік бар.
Қазақстан шоколад пен мармелад импортын артырған. 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында елге 60 мың тоннадан астам шоколад әкелінді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға көп. Тәтті өнім сатып алуға $243,2 млн кетті, LS агенттігі. Шоколадтың 70%-дан астамы Ресейден келді. 43,1 мың тонна. Сондай-ақ, Түркия 5,8 мың тонна, Германия 2,9 мың тонна және Италиядан -1 мың тонна шоколад сатып алынды. Печенье мен вафлидің көбін еліміз Ресейден, Өзбекстаннан, Ұлыбританиядан және Оңтүстік Кореядан импорттайды. Ал кәмпиттер Қытайдан, Мексикадан, Украинадан және Ресейден әкелінді.
Дегенмен, отандық өнідіріс дамып келеді. Қазақстандық өндірушілер сары майға сұранысты 80%-ға, макарон және макарон өнімдері бойынша ішкі нарықты 81%-ға, күріш 87, ет, құс еті және ет өнімдеріне сұранысты 87% деңгейде қамтамасыз етіп отыр. Өңделген сүт өнімдеріне қатысты да көрсеткіш жақсы.