Астанада төрт өндіріс орны ашылады
Биыл Астанада жалпы құны 10 млрд теңгеге бағаланатын 4 ірі зауыт іске қосылады.
Арнайы экономикалық аймақта құрылатын кәсіпорындар отандық инвесторлар есебінен салынбақ.
Химия өнеркәсібі өнімдерін шығаратын «Алюминий профиль зауытын» жобалау осы айда аяқталып, шілденің аяғында іске қосылады. Құны 3 млрд теңге болатын инвестициялық жоба аясында 100 жаңа жұмыс орны құрылады. Құрылыста қолданылатын көтергіш машиналары мен жабдықтарды өндіретін зауыт 44 адамды жұмысқа тартса, электр қозғалтқыш шығаратын өндірісте тағы 38 жұмыс орны ашылады. Бұл кәсіпорын биыл күзде іске қосылады деп күтілуде. Вакуумдық ажыратқыш пен микропроцессорлық жүйе өндірісінде де тағы 40-қа жуық адам еңбекпен қамтылады.
Алмат Әлімбай, «Astana Invest» қалалық Инвестицияларды дамыту орталығы департаментінің директоры:
- Индустриялық паркте жалпы 108 жоба орналасқан. 57 жоба қазіргі уақытта жұмысын атқарып отыр. 51 жобамыз қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізіп жатыр. Оның ішіде 27-сі құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізіп жатса, 23-і қазіргі уақытта жобаны әзірлеу эскизный проекттерді өткізу бойынша жұмыстарын атқарып жатыр.
Инвестициялық жобалар қолға алынды
Бүгінгі таңда бас шаһардың маңында екі арнайы экономикалық аймақ құрылған. Бірі 2027 жылға дейін өтінім қабылдайтын «Астана – жаңа қала» аймағы болса, екіншісі 2042 жылға дейін қызмет көрсететін «Астана-Технополис» индустриялды паркі. Арнайы экономикалық аймақта қаржысын құйып, өндіріс ашқан кәсіпкерлерге бірқатар жеңілдік қарастырылған.
Мәселен, қосымша құн салығы мен сырттан әкелінетін шикізаттың баж салығынан босатылады. Сондай-ақ, келісімшарт мерзімі өткен соң өндіріс ошақтары жерді кадастрлық бағамен сатып ала алады. Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы департаментінің басшысы атап өткендей, жыл соңына дейін 10 өндіріс орнын ашу жоспарда бар. Қазір әр инвестордан түскен жобалар егжей-тегжейлі қаралып жатыр.
Елде мұнай өндірісі қысқарады
Қазақстан мұнай өндірісін ерікті түрде қысқартуды жалғастыра бермек. Қара алтын өндірісі тәулігіне 82 мың баррельге азаяды. Бұл үрдіс шілде айына дейін жалғасады. Энергетика министрлігінің ресми сайтында хабарланғандай, маусымға дейін отандық мұнайдың өндірісі тәулігіне 1468 млн баррельді құрайтын болады. Ерікті түрде қара алтын өндірісін қысқарту туралы шешімді еліміз былтыр сәуірде жариялады. Нарықтағы тұрақтылық мен тепе-теңдікті сақтау жолында ОПЕК+ елдері осындай қадамға барып отыр. Бүгінде көптеген мемлекет мұнай өндірісінің көлемін қысқартып келеді. Еліміз де бұған айтулы үлес қосып отыр.