Қазақстанның инвестициялық әлеуеті зор

Францияда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.

Жиынға Париждің Жоғары коммерциялық мектебінің түлектері қатысты.

Олардың арасында ірі халықаралық компаниялардың жетекшілері мен топ-менеджерлер бар.

Қазақстанның Франциядағы елшісі Гүлсара Арыстанқұлова шетелдік капитал үшін экономикамыздың ең тартымды секторлары жайлы айтып берді. Жалпы Қазақстанға 200-дей француз компаниясы 19 миллиард доллар инвестиция құйған.

Кездесуде ауыл шаруашылығы, стратегиялық маңызды минералдар өндіру және транзиттік тасымал секторында әлеуетіміз жоғары екенін айтылды. 

Филипп де Кок, аккумулятор өндіретін компания өкілі:

- Нәтижелі кездесу болды. Минералдарға қатысты біраз мағлұмат алдым. Маған бұл тақырып қызық. Өйткені электрмобильдерге қажетті аккумаляторлар өндірісімен айналысамын. Литий көп жерде кездесе бермейді. Бірақ Қазақстанда бар. Франция үшін осы қызық болуы мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде алдағы жылдары минералдарға сұраныс еселеп артатынын айтқан еді. Сондықтан Қазақстан өнімдеріне тек Франция ғана емес, өзге елдер тарапынан да сұраныс артады деп ойлаймын.