Қытайда қазақстандық тауарларға сұраныс бар
Қазақстанда жасалған өнімдер Қытайда жоғары сұранысқа ие. Бұл туралы Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің ХІІІ отырысында Қытай Коммерция министрінің орынбасары Лин Цзи мәлімдеді.
Қазақстан Қытайға экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде ет, сүт өнімдерін, сондай-ақ жұмыртқа, жылқы етін және басқа да жоғары сапалы тауарларды эскпорттауға ниетті. Бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты. Тараптар екіжақты тауар айналымының құрылымын одан әрі ұлғайту үшін бірлескен шаралар қабылдау, сондай-ақ электрондық коммерция, ауыл шаруашылығы, шекара маңы ынтымақтастығы салаларында жаңа мүмкіндіктер іздестіру туралы келісті.
Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
- Бүгін сауда және экономикалық комитеттің кіші отырысы болды. Сол Қытай тарапы мен Ли Цзын мырзамен көптеген мәселені талқыладық. Оның ішінде Қазақстанның экспорты Қытай мемлекетіне негізгі тауарлардың түрі ол– 135 түрлі тауар. 1 миллиард долларға дейін біз экспортты ертең Қытай нарығына жеткізуіміз әбден мүмкін. Сондықтан бұл мәселелерді қазір ғана қарастырдық. Негізгі тауарландыру – ол ауылшаруашылық тауарлары. Бұл – ет өнімдері, сүт өнімдері, дәнді-дақылдар және басқалары.