Елде жанармай құю станциялары көбейді
Біздің елдің мұнай нарығында жағдай қалыпты.
Бір айтарлығы жанармай станциялары көбейген. Былтыр қазақстандықтарға 3,3 мыңнан астам жанармай құю орталығы қызмет көрсетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,9%-ке артық. Олардың дені – Түркістан, Ақмола, Жамбыл облысында.
Сондай-ақ, бір жылдың ішінде газ құю станциялары да айтарлықтай көбейген. Екі жыл бұрын елде 2,2 мың орталық болса, былтыр олардың саны 2,6 мыңға жетті. Сұйық отын сататын станциялар бойынша да Түркістан облысы көш бастайды. Онда 289, Маңғыстауда 236, Қызылордада 226 және Жамбыл облысында 226 газ құю орталығы бар.