Астанаға қаржы көшбасшылары жиналды
Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Астанада қаржы секторының көшбасшыларымен жиын өткізді.
Отырысқа жетекші сарапшылар мен ірі қаржы ұйымдары және мемлекеттік мекемелер мен екінші деңгейлі банк өкілдері қатысты. Онда бизнесті одан әрі дамыту және Шағын Орта бизнесті қаржыландырудың жаңа әдістері мен дамыту тетіктері талқыланды. Жиында цифрлық жобалардың көмегімен отандық кәсіпті дамытудың жаңа тәсілі ұсынылды. Яғни egovbusinnes цифрлық жүйесін енгізу арқылы бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсартуға болады - дейді қатысушылар.
Райымбек Баталов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы:
- Біз бүгінгі жиында шағын орта бизнесті қолдауға, қорғауға әрі дамытуға ерекше назар аудардық. Одан бөлек Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының бюджеттік бағдарламаларға қатысуын 72 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарту, штатты оңтайландыру және басқарудағы өзгерістерді атап өтуге болады. Үкіметтің Ұлттық палатамен бірлесіп, Шағын Орта Бизнесті дамытып, қаржыландыру үшін әзірлеген жаңа тәсілдері кәсіп үшін аса маңызды екенін атап өткім келеді.