Теміржол машиналарын жасау саласында 12 жоба іске қосылады
Теміржол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды 24KZ. Барлығы 12 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, биыл Атырау облысында жүк вагондарын өндіру басталады. Ал Жамбыл облысында локомотивтерге сервистік қызмет көрсететін зауыт іске қосылады. Өндіріс орындары Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облысында да ашылмақ. Бүгінгі таңда саладағы өндірісті оқшаулау 70%-ке жеткен, бұл импортқа тәуелділікті азайтып отыр.
Айта кетейік, қазір бұл бағытта 60 отандық кәсіпорын бар. 8 мыңға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Саладағы жұмысшылардың орташа жалақысы қазірдің өзінде 440 мың теңгеге жеткен. Былтыр теміржол машинасын жасауда отандық зауыттар рекорд жасады. 124 локомотив, 2565 жүк және 122 жолаушы вагонын шығарды.