Республикалық бюджет комиссиясының отырысы өтті
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Республикалық бюджет комиссиясының отырысын өткізді.
Жиында бірқатар жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсетілді. Олардың қатарында орман тәлімбағын құру, ұлттық гидрометеорологиялық қызметті жаңғырту және өрт қауіпсіздігін күшейту арқылы қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған бастамалар бар. Сонымен қатар қосымша қаржылық қолдауды қажет ететін жобалар да қарастырылды. Премьер-министр процесті қатаң бақылауға алып, шығыстардың негізсіз артуына жол бермеуді міндеттеді. Оған қоса жобалар құнының өсуін шектеу де тапсырылды. Бағдарлама әкімшілерінің жұмысын күшейту және сметалық құжаттамада енгізілген жоба құнын сақтау қажеттігіне назар аударылады.