Елордада «Шетелдік инвесторлар кеңесінің» жалпы отырысы өтті

Елордада «Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығы мүшелерінің жыл сайынғы жалпы отырысы өтті, деп хабарлайды 24kz.

Президент кеңесшісі Ерұлан Жамаубаевтың және үкімет өкілдерінің қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесінің қызметін жетілдіруге, аралық отырыстың көктемгі сессиясына және 37-ші пленарлық отырысқа дайындығы пысықталды. Жиында Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс топтарының тең төрағаларын сайлау, жұмыс топтарының есептері және денсаулық сақтау жөніндегі жұмыс тобын құру мәселелері қаралды.