Қазақстандықтар зейнетақы қорынан триллиондаған қаражатты мерзімінен бұрын алған

Қазақстандықтар зейнетақы қорынан триллиондаған қаражатты мерзімінен бұрын алған.

Бұл туралы Сенатта Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов мәлімдеді.  Соңғы деректер бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері 22 трлн теңгені құрады. Былтыр қордың қаражаты 26% - ға өскен. Еске салайық, бірнеше жыл бұрын қазақстандықтарға шекті межеден асқан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға рұқсат етілген. Ұлттық банк өкілі соңғы төрт жылда ел азаматтары 4,4 триллион теңге аударғынын айтты. Сондай-ақ ол зейнетақы қаражаты қайда инвестицияланатынын атап өтті.

Нұржан Тұрсынханов, Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры:

- 2021 жылдың ақпан айынан бастап салымшылардың мерзімінен бұрын алған қаражаты шамамен 4,4 трлн теңгені құрады. Оның 85%-ы тұрғын үй мәселелерін шешуге пайдаланылды. Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша валюталық портфельдің көлемі 17,2 млрд долларды немесе зейнетақы активтерінің 40%-ын құрады. Шетел валютасының бөлігі стратегиялық бөлуге сәйкес инвестицияланады. Бұл негізгі шетелдік активтер. Мәселен, АҚШ қазынашылықтары, дамып келе жатқан елдердің мемлекеттік облигациялары, инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигациялар және акциялар.